29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Сұхбаттасқан қатардағы Серікбол Болатхан

Жаным да қазақ, өзім де қазақ

Күн мен түнді теңеп, жылдың бастауы болған мейрам ол – Наурыз мейрамы! Бала кезден тайға жүген тағып, бәйге, асық ойнап, наурыз көжені тойғанша ішетін кез деп біледі қазақ халқы бұл мерекені. Ұлыстың ұлы күні ақтықтың молайып, қуаныштың орнайтын шағы, Қыдыр атам қырдан келіп, руханиаттың тұнбасы болған жерге ақ батасын беретін шақ. Осы орайда Отандасымыз, қазіргі уақытта қаруласымыз, тойымызда әндетіп, жүк тартқанда бірігетін бауырымыз болып қалған қатардағы жауынгер Курваналиев Фарухпен сұхбат жүргіздік.

Фарух қазіргі уақытта ел алдындағы борышын Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінің 3 батальон, 5 жедел мақсаттағы ротасында атқарып келеді. Кіндік қаны тамған жері — қасиетті Түркістан қаласы .Ұлты-өзбек десе де, ұстанымым «жаным да қазақ, өзім де қазақ» дейтін Фарух, кішкене кезінен қазақ балаларының арасында өсіп, күллі салт-дәстүрін дәріптейтін, Ұлттық ұланнның қайсар ұлдарының бірі.

— Фарух, ұлысымыз оң болсын! Қазір сіз ел алдында әскери борышыңызды өтеудесіз, сол орайда қызметіңіз жайлы айтып кетсеңіз?
-Рахмет! Ер жігіттің ел алдындағы борышы елін қорғау, жерін қорғау қасиетті міндеттің бірі деп ойлаймын. Өзім Түркістандық болғандықтан, көбіне қазақ ортасында өскен болатынмын, достарым да көбі қазақ балалары. Мүмкін тәрбие ме, қалыптасқан орта ма ұлтқа бөлінбей өстік, бәріміз бір шаңырақтың баласымыз, бөліскен нанымыз да бір болсын деп, сондықтан елімнің ұлтаны болған мен үшін мәртебе, қасымдағы бауырымның иық тіреп, бір күш болғанымыз маңызды. Отан алдындағы борышымды өтеп жатқаныма тоғыз айдай болды, сырласып, сыйласып келеміз бәріміз. Қызметтің өзің алсақ та, күнделікті Қарағанды қаласының көшелерін бірігіп үш адам боп кезіп, қоғамдық тәртібі үшін әрдайым қырағы қызметтеміз, бұл жерде еліміздің тыныштығы, адамдардың тыныштығы, кең байтақ Қазақстанымыздың тыныштығы ең алғы тапсырма және біз оған лайық болуымыз тиіс. Сондықтан өзімнің туып өскен елім, халқым қымбат маған. Жалпы қызметте өзімізге жүктелген міндетті, әскери тәртіп, әскери заңдылықтың аясынан аспасаң қиыншылығы жоқ! Тек ата-анаға сағыныш болмаса. (күлімдеп)

— Фарух, қасиетті қаланың тумасы екенсін. Қалаларыңда Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы тойлананды дегенде, бірінші ойыңызға не келеді?
— Әрине, ең алдымен көктемнің шуақты кезі, ұйқыдан оянған кездегі құстардың әндеткені, есік алдында киіз құрып жатқан адмдардың дауыстары, той-думан құрып домбырамен әндетіп жатқан әншілердің әсем әні келеді. Қалаға шыққан бетте, әсем әуенмен аралас біреулері алтыбақан теуіп жатса, бірісі қымыз, қымыран, көже сапырып түрлі тағамдардың дәмім татып жатады. Дәл осы күні, көрші, жолдастарың жақсылыққа ниеттеліп, ауыл-ауылға қыдырып, қонақ шақырысып, ұлыс оң болсын – ақ мол болсын деп тілек білідіріп жатады. Балалығымның тәтті шағы осылай еске түседі маған.

— Мерекені қалай тойлатушы едіңіз?
— «Ұлыстың ұлы күні оң болсын » — деп атамыз әр үйге кіретін. Батасын беріп, дастарханнан дәм таттып, тарихтан сөз қозғайтын.Мен әрдайым атамның қасында жүретінмін. Наурызды қазақ халқы қана емес, түркі және иран халықтары да жылдың басы етіп тойлайды осы күнді, және сәл өгешелігі біздің тілде Наурызды «НАВРУЗ» деп айтады. Атамның әңгімесінде әрқашан қазақ халқы ұлыс күнінде атқаратын салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы жайлы айтатын бізге. Қалада дәл осылай тойланатын, ауылдағы көрініс те ұқсас еді, бірақ қайталанбас қызығы спорттық жарыстар болатын, аударыспақ, ат жарыс, көкпар тарту, теңге алу сынды. Бұл мейрамның кереметі мүмкін құдіреті де шығар, бір-бірінен кешірім сұрап марқайып қалады жұрт.

-Жақсы. Жалпы сіз осы мереке жайлы тарих бетінен, қайдан шыққан, неге теңеп, қай мағынаны білдіретінін білесіз бе?
— Аңыз әңгіме, атадан балаға тарап, ата-ананың есті әңгімесінен түйгенім бар. Ұлыс күні — қазақ халқының есепшілері Күннің батқаны мен қайта шыққаны, жаңа туған Айға, жұлдыздарға қарап, ауа райын болжаған. Қазақтар бұлт қай жағына оның жылжығанына да мән беріп, ауа райын болжап отырған. Шуақты көктемнің келгені, үйдің алдына бақан тастайтын, егер шөптің астында көміліп қалатын болса, «биыл жыл есен болады екен» деп есептеген. Бақан тастаған жерде шөп көктемей жатса, «биыл көктем кеш туады, жаз жайсыз болады екен» деп қыс мезгіліне көктемнен бастап дайындалған. Дәл осыдан, қыстан аман шығып көктемге келдік деп қуанатын, ал 22 наурыз күні Күн мен түннің теңесуі де көптеген жылдар бойы зерттеліп, зерделеніп келген болжам. Сондықтан, мейрам тарихы көктем мезгілінің шығу тарихы да дәлелдің нәтижесі деп ойлаймын.

— Әрине, табиғат анамыздың қайталанбас сыйы көктем кезі барша адам баласына көктің, жасқылықтың нышаны болып келетін шығар. Бұл мерекеміз барша түркі тілдес халықтың мерекесі дейміз әрине, бірақ қызығы сіздің өз ұлтыңыз өзбек халқының мейрамдары жайлы айтып кетсеңіз?
— Біздің мейрамдар тұспа тұс келеді, айтып кеткенімдей, бізде Наурыз мерекесін «Навруз» деп атайды және тағамдарымыз сумалак, халим, көк сомса, ош сияқты түрлі тәттілерімізбен өзгешеленеміз. Ал жалпы, салт-дәстүрге сай өзіміздің ұлттық киімдерімізді киіп, ән шырқап, игі тілектерімізді білдіреміз. Ал өзге мейрамдар, мемлекет күні, ұлы тұлғалардың туылған күндері, мерекелік 8 наурыз мейрамы, балалар күні – барлығы да ұқсас келеді.

— Түсінікті. Ендігі жолда, еліміздің қорғанында тұрған сарбаздарға, барша Қазақстандырға тілек білдіремін десеңіз?
— Әрине, осы шуақты мейрам қарсаңында отбасыма, барша қарулас бауырларыма, Отндастарыма Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын дегім келеді. Жер дүниені жаңарып, көңіліміз де әрқашан шуақты болсын! Барша жанұяға шынайы көңілмен,шаттық, қуаныш тілеймін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

-Тілегіңізге рақмет Фарух, бізге уақыт бөліп берген сұхбатыңызға алғыс білдіре, қызметіңізге сәттілік, деніңізге саулық тілейміз. Аман есен отбасыңызбен қауышуыңызға тілектеспіз. Елін сүйер азаматтарымыз көп болғай!

Ұлыс оң болсын! Мерекелеріңізбен!

Сұхбаттасқан қатардағы Серікбол Болатхан.