«Қазпочта» АҚ арқылы зейнетақы мен жәрдемақы алатын азаматтар үйлеріне жеткізуді ұйымдастыра алады.
Келесі санаттағы азаматтар үйлеріне зейнетақы мен жәрдемақы жеткізілімала алады:
- мүгедектер және Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
- сексенге толған зейнетақы мен жәрдемақы алушылар;
- бірінші топтағы мүгедектер;
- сыртынан күтімді қажет ететін және денсаулығына байланысты қатыса алмайтындығы туралы медициналық анықтамасы бар адамдар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға бара алмайтындар;
- автоматтандырылған пошта бөлімшелері болмаған кезде ауылдық жерде тұратын адамдар.
Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»КЕАҚ-ның тұрғылықты жері бойынша филиалына хабарласуыңыз қажет.
Азаматтарға арналған үкімет банктік шот нөмірі өзгерген жағдайда ХҚКО-ға өтініш жазып, банктік шот бойынша үзінді көшірме ұсыну қажет деп хабарлайды.
Зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеу үшін ұсынылған жеке немесе карталық шот төлем алушының атында болуы маңызды!Үшінші тұлғаларға 20- сандық шоттың ашылуы туралы хабарлама берілмейді.
Бүгінгі күні Ақмола облысында 1955 адам үйге жеткізе отырып, әр түрлі зейнетақы мен жәрдемақы алушылар болып табылады.
Толық ақпарат алу үшін облыс тұрғындары әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады — 1411 (қоңырау шалу тегін).