Наркомания – қоғам дерті: Кокшетауда жастар арасында квест-ойын өтті
Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аясында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» КММ мен облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп жастарға арналған квест-ойын ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және бос уақытты тиімді ұйымдастырудың маңызын түсіндіру.
Квест-ойынға еріктілер мен Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттері қатысты. Барлығы бес команда бақ сынады. Әр команда бес қатысушыдан құралды.
Ойын басталар алдында облыстық жастар-ресурстық орталығының социолог-психологы Самал Сабырбекова қатысушыларға психологиялық тренинг өткізді. Оның айтуынша, тренинг жастардың










