Ұлттық ұланның 3517 әскери бөлімінде сарбаздарына арналған кұрметтеу кеші өткізілді
Ұлттық ұланның 3517 әскери бөлімінде ел алдындағы борышын өтеген 2-2022 жылғы шақырылым сарбаздарына арналған кұрметтеу кеші өткізілді.
Шара барысында сарбаздар Степногорск қаласының әкімінің атынан алғыс хаттармен, "Орталық" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбековпен бөлім командирінің
атынан мадактақтамамен марапатталды.
Бүгінде еліміздің әр өңірінен келген боздақтар бір жыл қызмет етіп аман-есен үйлеріне қайтқалы жатқан сарбаздар, аянбай тер төгіп анттарына берік жауынгерлер, ыстық пен суықтың ызғарына шыдап бекетте қырағы атаңғандар мадақталып, үлкен қошеметке ие болып жатыр, еліміздің ішкі тәртібін сақтау жолында сыртта қалмай, борышын өтегендерге мың алғыс
- деп өз алғысын білдірді 3517 бөлімінің командирі подполковник Досан Куркенов.