29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Ұландар колледж студенттеріне түсіндірме жұмысын жүргізді

2023 жылғы 15 қараша күні «Қарағанды ​​индустриалды-технологиялық колледжі» КММ студенттерімен әскери-патриоттық тәрбиелеу жоспарына сәйкес жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің тиімділігін арттыру мақсатында Ұлттық ұлан 5451 әскери бөлімінің офицерлері арнайы кездесу ұйымдастырды. Шара барысында сардар жас жеткіншектерге Ұлттық ұланның құрылымы мен қызметі жайлы баяндап, өзара пікір таласты.

Басты мақсатымыз ел Президенті мақсат еткен патриоттық тәрбиелеу, әскер қатарын білікті мамандармен толықтыру, жыл сайынғы шақырылым жұмысына мектеп партасынан, жоғарғы оқу орындарынан бастап әскери тәртіпке баулу, ел қорғайтын азаматтар қатарын сапалы толықтыру болды, мұндай ашық кездесуде әрбірінің сұрақтарына жауап беріп, толық жауабын бердік, оған қоса әскери тақырыпта сабақ та жүргізіп үлгердік

— дейді взвод командирі лейтенант Таир Омарханов.

Шара барысында колледж студенттері офицерге борыштарын өтеп жатқан сарбаздардың күн тәртібін, өткізілетін сабақтары жайлы сұрақ қойып, біршама ақпаратқа ие болды.

Наша страница в Фейсбук! Подпишись!