Абайлаңыз, цифрлық алдау: алаяқтар жасанды интеллектті қалай пайдаланып жүр?
Жасанды интеллект бүгінде мәтін жазуға, сурет жасауға, ақпарат іздеуге және құжаттарды аударуға көмектесетін күнделікті құралға айналды. Алайда оның мүмкіндіктерін тек мамандар ғана емес, алаяқтар да өз мақсаттарына пайдаланып жатыр.
ChatGPT атауын жамылған алаяқтық
Киберқауіпсіздік мамандары соңғы уақытта алаяқтардың ChatGPT сервисіне деген сенімді пайдалана бастағанын анықтады. Қаскүнемдер сервистегі ақаулар туралы жалған хабарламалар таратып, пайдаланушыларға «ресми қосымшаны» жүктеуді ұсынады.
Нәтижесінде қолданушы құрылғысына зиянды бағдарлама орнатылады. Мұндай схемалар адамдардың танымал брендтерге деген сеніміне негізделген.
Дипфейк: жалған дауыс пен бейне
Жасанды интеллект арқылы адамның даусын, бейнесін және сөйлесу мәнерін көшіріп жасау бүгінде оңайлаған.
Алаяқтар туыс










