Қазақстандағы үдерістер Конституция нормаларына сәйкес жүзеге асып жатыр — байқаушы
Сайлауалды бағдарламаның орындалуын сайлаушылар жіті назарда ұстауы керек. Бұл туралы «Поляк халық партиясының» мүшесі Януш Пехочинский айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сайлау - демократия жолындағы маңызды қадам. Осы орайда кандидатқа дауыс беріп жатқан адамдар сайлауалды бағдарламаның орындалуын жіті назарда ұстауы керек. Сондықтан сайлаудан кейін маңызды қадамдардың орындалуына қоғам белсенді араласқаны жөн. Атап айтқанда, Польша Қазақстанға стратегиялық серіктес ретінде қарап отыр. 2023 жылы осында Польшадан жаңа инвестициялар тартылады деген ойдамын»
- деді «Поляк халық партиясының» мүшесі Януш Пехочинский елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.
Өз кезегінде Мажарстандағы Сыртқы істер және сауда институтының аға ғылыми қызметке