29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Понедельник, 20 мая

Димаш Құдайберген президент сайлауында өз таңдауын жасады

Қазақстандық орындаушы президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Құдайберген бұл жайында Instagram парақшасында мәлім етті.

Құрметті отандастар! Бүгін еліміз үшін маңызды күн болды. Мемлекетіміздің перезиденттік сайлауына қатысып өз таңдауымды жасадым. Қолға алған шаралардың басым көпшілігі орындалып, халқымыздың бақытты және баянды күндері көп болғай. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы көтеріліп, Қазақстанның болашағы жарқын, тұғыры биіктей берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын

— деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Қазақстанда президент сайлауы аяқталды.