Саяси жүйемізді реформалау алдағы уақытта да кезең кезеңімен жалғаса береді – Әшімбаев
Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысында айтты.
Алматыны қазақ зиялыларының қарашаңырағы десек, артық бола қоймас. Әлі күнге дейін ғылым, әдебиет, мәдениет, руханият саласындағы тұлғалардың көбі осы қалада шоғырланған. Сондықтан Сенат жанындағы «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысын Алматыда өткіздік. Зиялы қауымның қашанда елдің сөзін сөйлеп, ұлттың жоғын түгендеп жүретіні белгілі. Бұл жолы да елдік мәселе, төл құндылық, әдебиет, өнер және тағы басқа маңызды салалар бойынша ашық әңгіме болды. Әсіресе, мемлекеттік тіл, ұлттық идеология, жастар тәрбиесіне қатысты орынды мәселелер көтеріліп, ұтымды ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта оның бәрін өз жұмысымызда ескереміз
- деп жазды Сенат төрағасы.
Кездесуде Ұлықбек Есдәулет, Жүрсі