Бизнес өкілдері де белсенді
Референдумды ойдағыдай өткізу – баршаға ортақ жауапкершілік. Бұдан бизнес өкілдері де тыс қалмақ емес. Бүгінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен кәсіпкерлер де алдағы референдум туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Палата Конституцияға енгізілетін түзетулерді шағын және орта бизнес субъектілері арасында жан-жақты түсіндіру үшін арнайы жоспар әзірлепті.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, түзілген жоспар аясында сауда және ойын-сауық орталықтарында, дүкендерде, басқа да шағын және орта бизнес нысандарында түрлі кездесулер ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының консультанттары да түсіндіру жұмыстарына атсалысуда. Онлайн-вебинарлар да өткізіліп жатыр. Бұл арқылы 265 мың адамды қамту кө