По родному краю
Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында «Туған елге тағзым – 2026» өлкетану-зерттеу экспедициясы өз жұмысын аяқтады. Биылғы жобаға Қызылорда, Петропавл және Қостанай қалаларындағы NIS мектептерінен келген 72 оқушы қатысты.
8–12 маусым аралығында мектеп оқушылары Ақмола облысының тарихи, мәдени, табиғи және өндірістік әлеуетімен танысты. Экспедиция бағдарламасы туған өлкені зерттеуге, оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға және Зияткерлік мектептер арасындағы өңіраралық байланысты нығайтуға бағытталды.
Экскурсиялық маршрут аясында қатысушылар Көкшетау қаласының негізгі көрікті орындарын аралады. Оқушылар Біржан сал, Ақан сері, Шоқан Уәлиханов, Абылай хан және Талғат Бигелдинов ескерткіштерімен танысып, Мәңгілік алау мемориалы мен «Ананың ақ тілегі» стеласын










