29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 23 июня

Ошибочный перевод: как вернуть деньги

Вы отправили деньги знакомому, а он их не получил. Выяснилось, что при переводе вы ошиблись в цифре номера мобильного телефона или реквизитов карты, счета, и сумма ушла к совершенно постороннему человеку. Хорошо, если получится договориться с ним о возврате платежа, предназначенном не ему. А если нет? Кстати, бывает и так, что на ваш счет поступили средства, но вы не знаете, кто отправитель.

Fingramota.kz расскажет, как поступить в этих ситуациях.

Вариант №1. Вы ошиблись и перевели деньги чужому человеку

Осуществить возврат денег сложно, но возможно. После поступления средств на счет другого человека или организации банк уже не сможет перевести их обратно. Он и не обязан это делать. Конечно, вы можете попробовать связаться с получателем и попросить совершить возврат суммы добровольно. При отказе остается только обратиться в суд и подать исковое заявление о взыскании денег, так как в действующем законодательстве, согласно Гражданскому кодексу РК, данное действие рассматривается как «неосновательное обогащение». Также вы можете взыскать вознаграждение за пользование вашими деньгами по действующей ставке рефинансирования Национального Банка РК.

Что делать, если деньги отправлены по чужому номеру телефона?

Вы совершили мгновенный платеж по номеру телефона, но ошиблись в цифре. Данную операцию нельзя отозвать через банк. Попробуйте связаться с получателем и объяснить, что вы совершили перевод по ошибке, попросите вернуть сумму, которая поступила. Порекомендуйте проверить счет, чтобы человек вам поверил и не принял за мошенника. Получатель может войти в ваше положение и вернуть деньги обратным переводом.

Что делать, если деньги отправлены по чужому номеру карты или счета?

Если вы ошибочно отправили деньги по некорректному номеру карты или счета, вам необходимо обратиться в банк, объяснить все и выяснить у менеджера, как можно вернуть деньги. При этом в данном случае банк также не может в одностороннем порядке отозвать платеж. У каждого банка существует своя процедура решения таких вопросов. Зачастую, если перевод был успешно отправлен на некорректный банковский счет, деньги можно вернуть только при согласии получателя.

Если перевод средств находится в процессе, тогда операцию еще возможно отменить. Если вы ошиблись и указали несуществующие банковские данные, платеж не будет совершен, и возврат денег произойдет автоматически.

Что делать, если деньги не удалось вернуть предыдущими способами?

Если получатель отказывается возвращать ваши деньги, а сумма действительно значимая, вы можете подать исковое заявление в суд. Но вы должны четко понимать, что вся эта процедура потребует вашего времени, терпения и материальных ресурсов. Для того чтобы справедливость восторжествовала, вам необходимо представить суду убедительные доказательства того, что данную сумму вы отправили по ошибке. К примеру, показать номер телефона или реквизиты карты вашего знакомого, куда вы намеревались перевести средства. Или распечатать выписку со счета, на которой видно, что вы, допустим, ежемесячно переводили на один и тот же счет определенную сумму денег, а в этом месяце случайно перевели деньги на другой счет.

Вы также можете обратиться к сотовому оператору и попросить предоставить детализацию звонков, чтобы доказать, что ранее вы не контактировали с данным человеком и позвонили ему только после ошибочного перевода денег.

Со своей стороны, получатель денег должен будет предоставить четкие доказательства и права на получение данной суммы. К примеру, он может заявить, что это деньги за якобы оказанную услугу или благотворительность с вашей стороны, однако должен будет это доказать. При отсутствии таких подтверждений суд обяжет получателя совершить возврат всей суммы.

Вариант 2. Вам поступил ошибочный перевод

Если разобраться, то вы, конечно же, не обязаны тратить свое время на то, чтобы найти горе-отправителя и совершить возврат средств. Брать чужие деньги не хорошо, да и по закону получение таких денег считается неосновательным обогащением. Поэтому лучше вернуть деньги отправителю, так как он в свою очередь в любой момент может подать на вас в суд. Но для начала надо убедиться, что деньги действительно есть на вашем счету, и это не происки финансовых мошенников.

Что делать, чтобы не стать жертвой мошенников?

Злоумышленники часто рассылают SMS-сообщения от лица банков и иных финансовых организаций о поступлении некой суммы на ваш счет, а после этого звонят и просят произвести возврат. Вот поэтому, прежде чем совершить обратный перевод, убедитесь, что средства действительно поступили. Это можно сделать через мобильное банковское приложение, или связавшись с оператором банка по официальному номеру.

Обязательно убедитесь в том, что это ошибочный перевод, а не фейковый.

Возможно, эти деньги по праву принадлежат вам и поступили они от источников, которые перевели средства на ваш счет. Например, ваш должник наконец вернул деньги или компания сделала перерасчет. Случаи могут быть разными.

Изучите выписку по своему счету, чтобы понять, от кого и когда поступил деньги. Если вы на 100% убедились, что перевод денег был ошибочным, а отправитель с вами так и не связался, обратитесь в банк. Напишите письменное заявление о согласии на возврат суммы, и финансовый институт проведет обратный платеж согласно процедурам возврата платежей по законодательству РК.

Наше сообщество в Вконтакте. Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!

Сіз танысыңызға ақша жібердіңіз, бірақ ол оны алған жоқ. Аудару кезінде сіз ұялы телефон нөмірінің немесе карта, шот деректемелерінің нөмірінде қате жібергеніңіз және сома мүлдем бөтен адамға кеткені белгілі болды. Егер сіз оған арналмаған төлемді қайтару туралы келісе алсаңыз жақсы. Егер жоқ болса? Айтпақшы, сіздің шотыңызға қаражат түскен жағдай да болады, бірақ сіз жіберушінің кім екенін білмейсіз.

Fingramota.kz сізге осы жағдайларда не істеу керек екенін айтады.

№ 1 нұсқа. Сіз қателесіп, ақшаны бейтаныс адамға аудардыңыз

Ақшаны қайтару қиын, бірақ қайтаруға болады. Басқа адамның немесе ұйымның шотына қаражат түскеннен кейін банк оларды кері қайтара алмайды. Ол мұны істеуге міндетті емес. Әрине, сіз алушымен байланысып, соманы өз еркімен қайтаруды сұрай аласыз. Бас тартқан кезде тек сотқа жүгіну және ақшаны өндіріп алу туралы талап-арыз беру ғана қалады, себебі қолданыстағы заңнамада ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес бұл әрекет «негізсіз баю» ретінде қаралады. Сондай-ақ, сіз ҚР Ұлттық Банкінің қолданыстағы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша ақшаңызды пайдаланғаны үшін сыйақы өндіріп ала аласыз.

Егер ақша біреудің телефон нөмірі арқылы жіберілсе не істеу керек?

Сіз телефон нөмірі бойынша жедел төлем жасадыңыз, бірақ цифрдан қате жібердіңіз. Бұл операцияны банк арқылы қайтарып алуға болмайды. Алушымен хабарласып, қате аударым жасағаныңызды түсіндіріп көріңіз, түскен соманы қайтаруды сұраңыз. Ол адам сізге сенуі және алаяқ ретінде қабылдамауы үшін шотты тексеруді ұсыныңыз. Алушы сіздің жағдайыңызды түсініп, содан кейін ақшаны кері аударыммен қайтаруы мүмкін.

Егер ақша басқа біреудің карта немесе шот нөмірі арқылы жіберілсе не істеу керек?

Егер сіз карточканың немесе шоттың дұрыс емес нөмірі бойынша ақшаны қате жіберген болсаңыз, банкке хабарласып, бәрін түсіндіріп, менеджерден ақшаны қалай қайтаруға болатындығын білуіңіз керек. Сонымен қатар, бұл жағдайда банк төлемді біржақты түрде кері қайтара алмайды. Әрбір банктің осындай мәселелерді шешудің өз рәсімі бар. Көбінесе, егер аударым дұрыс емес банктік шотқа сәтті жіберілсе, ақшаны алушының келісімімен ғана қайтаруға болады.

Егер ақша аудару процесі жүріп жатқан болса, онда операцияны болдырмауға болады. Егер сіз қате жіберіп, жоқ банктік деректерді көрсетсеңіз, төлем жасалмайды және ақшаны қайтару автоматты түрде жүреді.

Ақшаны жоғарыда келтірілген тәсілдермен қайтара алмасаңыз, не істеу керек?

Егер ақша алушы сіздің ақшаңызды қайтарудан бас тартқан, ал сома қомақты болған жағдайда, сіз сотқа талап арыз бере аласыз. Алайда, қайтарып алу рәсімі сіздің уақытыңызды, төзімділігіңіз бен материалдық ресурстарыңызды талап ететінін жақсы түсінуіңіз қажет. Әділеттікке қол жеткізу үшін сіз сотқа бұл соманы жаңылысып, қате жібергеніңіз жөнінде нақты дәлел келтіруіңіз қажет. Мысалы, ақша қаражатын аударғыңыз келген сіздің танысыңыздың телефон нөмірін немесе деректемелерін көрсету.

Немесе сіз ай сайын сол бір шотқа белгілі бір соманы аударғаныңыз, ал осы айда ақшаны жаңылысып басқа шотқа аударғаныңыз көрсетілген шоттан үзінді — көшірменің қағаздағы нұсқасын көрсету. Сіз, сондай-ақ ұялы операторға хабарласып, қоңыраулардың тізімін ұсынуды сұрауыңызға болады, бұл осыдан бұрын бұл адаммен байланыс жасамағаныңызды және оған ақшаны қате аударғаннан кейін ғана қоңырау шалғаныңызды дәлелдеу үшін қажет.

Өз кезегінде, ақша алушы нақты дәлелдер мен осы соманы алу құқығын растауы тиіс. Мысалы, ол бұл ақша көрсетілген қызмет немесе сіздің тарапыңыздан қайырымдылық үшін деп мәлімдей алады, алайда оны дәлелдеуі тиіс. Мұндай дәлелдер болмаған жағдайда сот алушыны барлық соманы қайтаруға міндеттейді.

2-нұсқа. Сізге қате аударым түсті

Егер нақтысын айтатын болсақ, әрине сіз аударымды қате жіберген адамды тауып, оған ақшаны қайтару үшін өз уақытыңызды құртуға міндетті емессіз. Бөтен адамдардың ақшасына иелік еткен жақсы емес, заң бойынша да мұндай ақшаны иелену негізсіз баю болып табылады. Сондықтан, бұл ақшаны жіберушіге қайта аударған жөн, өйткені ол кез келген уақытта сізді сотқа беруі мүмкін. Бірақ, алдымен ақша расымен де шотыңызда жатқандығына, мұның қаржылық алаяқтардың амалы емес екендігіне көз жеткізіп алу керек.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу қажет?

Қаскөйлер банктердің және басқа да қаржылық ұйымдардың атынан сіздің шотыңызға қандай да бір соманың түскендігі туралы SMS-хабарландыруларды жиі таратады да, содан кейін қоңырау шалып, қайтаруды сұрайды. Сондықтан, кері аударым жасамас бұрын қаражат шынымен түскендігіне көз жеткізіңіз. Мұны мобильді банк қосымшасы арқылы немесе банк операторымен ресми нөмір бойынша байланысу арқылы жасауға болады.

Бұл жалған емес, қате аударым екеніне көз жеткізіңіз.

Сондай-ақ, бұл ақша сізге тиесілі және олар сіздің шотыңызға қаражат аударған көздерден түскен болуы мүмкін. Мысалы, сіздің борышкеріңіз ақшаны қайтарды немесе компания қайта есептеуді жасады. Әртүрлі жағдай болуы мүмкін.

Ақшаның кімнен және қашан түскенін түсіну үшін шотыңыздағы үзінді көшірмені зерттеңіз. Егер сіз ақша аударымының қате екеніне 100% көз жеткізсеңіз, ал жөнелтуші сізбен байланысқа шықпаған болса, банкке хабарласыңыз. Соманы қайтаруға келісім беру туралы жазбаша өтініш жазыңыз. содан кейін қаржы институты ҚР Заңнамасы бойынша төлемдерді қайтару рәсімдеріне сәйкес кері төлемді жүргізеді.

Ақша аудару кезінде мұқият болыңыз, картаның деректемелерін және телефон нөмірлерін қайта тексеріңіз. Қаржылық сауаттылықты Fingramota.kz-пен арттырыңыз!