Кто уполномочен осуществлять обменные операции с наличной иностранной валютой?
Акмолинский филиал Национального Банка Республики Казахстан информирует, что в соответствии с действующим законодательством обменные операции с наличной иностранной валютой на территории Республики Казахстан вправе осуществлять исключительно банки второго уровня и небанковские обменные пункты в соответствии с выданной им лицензией.
Обмен наличной иностранной валюты через указанные пункты обмена валют обеспечивает защиту прав потребителей финансовых услуг. Актуальная информация по действующим небанковским обменным пунктам размещена на сайте Национального Банка.
Акмолинский филиал Национального Банка Республики Казахстана предупреждает, что проведение обменных операций без соответствующей лицензии относится к незаконной предпринимательской деятельности, за которую предусмотрена административная и уголовная ответственность согласно статьям 155 и 463 Кодекса РК об административных правонарушениях и статье 214 Уголовного кодекса РК. Обменные операции через нелегальных посредников являются незаконными и имеют высокие риски совершения сделок с мошенниками (фальшивомонетчиками).
Национальный Банк Республики Казахстан совместно с заинтересованными государственными и правоохранительными органами ведет постоянный мониторинг ситуации на внутреннем рынке наличной иностранной валюты.
В настоящее время в Республике Казахстан доступны также альтернативные источники обмена валюты с использованием платежных карточек, онлайн-банкинга, которые являются более доступными и безопасными в режиме 24/7.
Какая информация должна быть размещена в помещении обменного пункта для сведения клиента?
В каждом обменном пункте в доступном для обозрения клиентами месте размещается следующая информация:
1) копия лицензии на обменные операции с наличной иностранной валютой (для небанковских уполномоченных организаций – копия приложения к лицензии, для уполномоченных банков – копия письменного подтверждения, с указанием адреса обменного пункта);
2) информационный стенд для клиентов (размером не менее 0,4 метра на 0,4 метра), содержащий сведения о курсе покупки и (или) курсе продажи наличной иностранной валюты за тенге, установленные для каждой иностранной валюты, с которой в обменном пункте проводятся операции по покупке и (или) продаже;
3) информация для клиентов обменного пункта, содержащая сведения о территориальном филиале Национального Банка, осуществляющем контроль за деятельностью обменного пункта, и о возможности направления жалобы в данный территориальный филиал Национального Банка при наличии замечаний к работе данного обменного пункта;
4) копия акта Национального Банка, устанавливающего пределы отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты, в период действия такого акта;
5) информация о кассире, осуществляющем обслуживание клиентов;
6) информация об интернет-ресурсе юридического лица, имеющего право на осуществление обменных операций с наличной иностранной валютой (при его наличии).
По требованию физического лица кассир обменного пункта представляет информацию об основных признаках годных к обращению и негодных к обращению банкнот, о порядке и условиях принятия на инкассо неплатежных или негодных к обращению банкнот иностранной валюты (за исключением автоматизированного обменного пункта).
Какие данные необходимо представить физическому лицу при осуществлении обменных операций с наличной иностранной валютой?
По обменным операциям, проведенным через обменные пункты, на сумму, не превышающую эквивалент 500 000 тенге по курсу проведения обменной операции, в журнале реестров фиксируются фамилия, имя и отчество (при его наличии) (имя и отчество указываются полностью) и индивидуальный идентификационный номер клиента (при наличии).
По обменным операциям, проведенным через обменные пункты, на сумму, превышающую эквивалент 500 000 тенге по курсу проведения обменной операции, в журнале реестров обменного пункта фиксируются:
— фамилия, имя и отчество клиента (при его наличии) (имя и отчество указываются полностью);
— индивидуальный идентификационный номер клиента (при наличии);
— данные документа, удостоверяющего личность клиента, – вид документа, дата выдачи, номер документа, срок действия;
— юридический адрес клиента (государство, населенный пункт, улица, номер дома, номер квартиры (при наличии)).
Фиксация данных клиента, за исключением юридического адреса клиента, в журнале реестров осуществляется на основании данных документа, удостоверяющего личность клиента, либо данных, подтверждающих (идентифицирующих) личность клиента, полученных посредством сервиса цифровых документов.
Обязан ли обменный пункт выдать фискальный чек при осуществлении обменной операции?
Обменный пункт (автоматизированный обменный пункт) подтверждает проведение обменной операции выдачей контрольного чека в соответствии с подпунктом 2) пункта 5 статьи 166 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет».
Что необходимо знать физическому лицу, если обменный пункт отказывает в проведении обменной операции?
Не устанавливаются ограничения в приеме находящихся в обращении денежных знаков по номиналу и годам эмиссии при проведении обменных операций, а также не осуществляется отказ физическим лицам в проведении обменной операции при наличии в обменном пункте наличной иностранной и наличной национальной валюты в сумме, необходимой для проведения обменной операции, за исключением случаев, предусмотренных статьей 13 Закона о ПОДФТ, или непредставления документа, удостоверяющего личность клиента, либо данных, подтверждающих (идентифицирующих) личность клиента, полученных посредством сервиса цифровых документов.
При отказе физическому лицу в проведении обменной операции по причине отсутствия в обменном пункте наличной национальной или наличной иностранной валюты, на которую в обменном пункте были установлены курсы покупки и (или) продажи, по требованию физического лица кассиром обменного пункта выдается справка в произвольной форме с указанием вида и суммы валюты, отсутствующей в обменном пункте, даты и времени выдачи справки. Справка подписывается кассиром обменного пункта и регистрируется в порядке, установленном внутренними правилами юридического лица, имеющего право на осуществление обменных операций с наличной иностранной валютой, (его филиала).
По всем вопросам можно обратиться в Акмолинский филиал Национального Банка по телефонам или написать на электронный адрес.
Телефон: 8-7162-55-18-00, вн. 2241, 2242, 2243, 2244.
Электронный адрес: kokch_80@nationalbank.kz
Мы в Instagram! Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға кімнің өкілеттігі бар?
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақмола филиалы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын тек екінші деңгейдегі банктер мен банктік емес айырбастау пункттері Ұлттық Банк берген лицензияға сәйкес жүзеге асыруға құқылы екенін хабарлайды.
Қолма-қол валютасымен айырбастауды көрсетілген валютамен айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыру қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Әрекеттегі банктік емес айырбастау пункттерінің мекенжайы мен олар бойынша басқа ақпаратты Ұлттық Банктің сайтынан табуға болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақмола филиалы тиісті лицензиясыз айырбастау операцияларын жүргізу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 155 және 463-баптарына және ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген заңсыз кәсіпкерлік қызметке жататынын ескертеді. Заңсыз делдалдар арқылы айырбастау операциялары заңсыз болып табылады және алаяқтармен (жалған ақша жасаушылармен) мәмілелер жасау қаупі жоғары.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп қолма-қол шетел валютасының ішкі нарығындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 24/7 режимінде неғұрлым қолжетімді және қауіпсіз болып табылатын төлем карточкаларын, онлайн-банкингті пайдалана отырып, валюта айырбастаудың баламалы көздері де қолжетімді.
Клиенттің назарына айырбастау пунктінің үй-жайында қандай ақпарат орналастырылуға тиіс?
Әрбір айырбастау пунктінде клиенттер көруге қолжетімді жерде мынадай ақпарат:
1) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның көшірмесі (банктік емес уәкілетті ұйымдар үшін-лицензияға қосымшаның көшірмесі, уәкілетті банктер үшін-айырбастау пунктінің мекенжайын көрсете отырып, жазбаша растаудың көшірмесі);
2) айырбастау пунктінде сатып алу және (немесе) сату операциялары жүргізілетін әрбір шетел валютасы үшін белгіленген, теңгемен қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамы және (немесе) сату бағамы туралы мәліметтер қамтылатын, клиенттерге арналған ақпараттық стенд (биіктігі кемінде 0,4 метр және ені 0,4 метр).
3) айырбастау пунктінің клиенттеріне арналған, айырбастау пунктінің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы туралы және осы айырбастау пунктінің жұмысына ескертулер болған кезде Ұлттық Банктің аумақтық филиалы атына шағым жіберу мүмкіндігі туралы мәліметтер қамтылатын айырбастау пунктінің клиенттері үшін ақпарат;
4) Ұлттық Банктің осы актінің қолданылу кезеңінде айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгемен сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгілейтін актісінің көшірмесі;
5) клиенттерге қызмет көрсететін кассир туралы ақпарат;
6) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаның интернет-ресурсы туралы ақпарат (ол болған кезде) орналастырылады.
Жеке тұлғаның талабы бойынша айырбастау пунктінің кассирі айналысқа жарамды және айналысқа жарамсыз банкноттардың негізгі белгілері туралы, инкассода төленбейтін немесе айналысқа жарамсыз шетел валютасының банкноттарын (автоматтандырылған айырбастау пунктін қоспағанда) қабылдау тәртібі мен шарттары туралы ақпаратты ұсынады.
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру кезінде жеке тұлғаға қандай деректерді ұсыну қажет?
Айырбастау операцияларын жүргізу бағамы бойынша 500 000 (бес жүз мың) теңге баламасынан аспайтын сомаға айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) (аты және әкесінің аты толық көрсетіледі) және жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) тіркеледі.
Айырбастау операцияларын жүргізу бағамы бойынша 500 000 (бес жүз мың) теңге баламасынан асатын сомаға айырбастау пункттері (оның ішінде автоматтандырылған айырбастау пункттері) арқылы жүргізілген айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында:
— клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (аты мен әкесінің аты толық көрсетіледі);
— клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
— клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері – құжаттың түрі, берілген күні, құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі;
— клиенттің заңды мекенжайы (мемлекеті, елді мекені, көшесі, үй нөмірі, пәтер нөмірі (бар болса) тіркеледі.
Клиенттің заңды мекенжайын қоспағанда, клиенттің деректерін тізілімдер журналында тіркеу клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректері негізінде жүзеге асырылады.
Айырбастау пункті айырбастау операциясын жүзеге асыру кезінде фискалдық чек беруге міндетті ме?
Айырбастау пункті (автоматтандырылған айырбастау пункті) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 166-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бақылау чегін беру арқылы айырбастау операциясының жүргізілгенін растайды.
Егер айырбастау пункті айырбастау операциясын жүргізуден бас тартса, жеке тұлға нені білуі керек?
КЖТҚҚ туралы заңның 13-бабына сәйкес клиенттің жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер ұсынылмаған жағдайларды қоспағанда, айырбастау операцияларын жүргізу кезінде айналыстағы ақша белгілерін номиналы және эмиссия жылдары бойынша қабылдауда шектеулер белгіленбейді, сондай-ақ айырбастау пунктінде айырбастау операциясын жүргізу үшін қажетті сомада қолма-қол шетел валютасы және қолма-қол ұлттық валюта болған кезде жеке тұлғаларға айырбастау операциясын жүргізуден бас тартылмайды.
Жеке тұлғаға айырбастау пунктінде сатып алу және (немесе) сату бағамдары белгіленген қолма-қол ұлттық немесе қолма-қол шетел валютасының болмауы себебінен айырбастау операциясын жүргізуден бас тартылған кезде, айырбастау пунктінің кассирі жеке тұлғаның талабы бойынша айырбастау пунктінде жоқ валютаның түрі мен сомасын, анықтама берілген күнді және уақытын көрсете отырып, еркін нысандағы анықтаманы береді. Анықтамаға айырбастау пунктінің кассирі қол қояды және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен тіркеледі.
Барлық сұрақтар бойынша Ұлттық Банктің Ақмола филиалына телефон арқылы хабарласуға немесе электрондық мекенжайға жазуға болады.
Телефон: 8-7162-55-18-00, ішкі 2241, 2242, 2243, 2244.
Электрондық мекен-жайы: kokch_80@nationalbank.kz