Цифрлық теңге – есеп айырысудың жаңа мүмкіндіктері
Қазақстан цифрлық теңге жобасын – елдің қазіргі қаржы жүйесінің бір бөлігіне айналатын ұлттық валютаның жаңа нысанын белсенді дамытуда.
Цифрлық теңге Қазақстанда қолма-қол және қолма-қолсыз қаражатпен қатар ақшаның үшінші түрі болады. Ол үйреншікті төлем тәсілдерін алмастырмайды, керісінше, оларды толықтырып, қаржылық операцияларды одан әрі ыңғайлы және жылдам етеді.
Ұлттық цифрлық валютаның басты артықшылықтарының бірі есеп айырысу жылдамдығы болмақ. Төлемдер мен аударымдар іс жүзінде бірден өтеді, бұл цифрлық экономиканың жылдам дамуы жағдайында ерекше маңызды.
Цифрлық теңге физикалық нысанда болмайды, алайда оған теңге символы (₸) негізінде ақ-жасыл түстермен орындалған арнайы логотип әзірленген.
Қазақстанның Ұлттық Банкі жаңа цифрлық валютаның эмитенті болады. Бұл цифрлық т










