29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

О государственных услугах, оказываемых Акмолинским филиалом Национального Банка Республики Казахстан

В соответствии с Законом Республики Казахстан «О государственных услугах», государственная услуга является одной из форм реализации отдельных государственных функций, осуществляемых в индивидуальном порядке по обращению услугополучателей и направленных на реализацию их прав, свобод и законных интересов, предоставление им соответствующих материальных или нематериальных благ.

Согласно Реестру государственных услуг, утвержденному постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 2013 года № 983, Акмолинский филиал Национального Банка оказывает государственную услугу «Выдача лицензии на обменные операции с наличной иностранной валютой, выдаваемая уполномоченным организациям».

Требования и порядок оказания государственных услуг устанавливается Приложением 4-1 к Правилам осуществления обменных операций с наличной иностранной валютой в Республике Казахстан, утвержденным постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 апреля 2019 года № 49.

Государственная услуга «Выдача лицензии на обменные операции с наличной иностранной валютой, выдаваемая уполномоченным организациям» оказывается посредством веб-порталов «Электронное правительство» (www.egov.kz) и «Электронное лицензирование» (www.elicense.kz). Важнейшим условием для получения данных государственных услуг является наличие у услугополучателя действующей электронной цифровой подписи (ЭЦП).

При оказании услуги «Выдача лицензии на обменные операции с наличной иностранной валютой, выдаваемая уполномоченным организациям» услугополучатель уплачивает лицензионный сбор за право занятия отдельными видами деятельности в размере: при выдаче лицензии либо его дубликата — 40 месячных расчетных показателей (далее — МРП), за переоформление лицензии — 10 процентов от ставки при выдаче лицензии, но не более 4 МРП.

Полная информация по государственным услугам размещена на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан: www.nationalbank.kz, раздел «Государственные услуги».

По всем интересующим вопросам, касающимся порядка предоставления государственных услуг, услугополучатель может обратиться в Акмолинский филиал Национального Банка по адресу: г. Кокшетау, ул. Ауэзова, 214, тел. 8 (7162) 55-18-00, 55-18-04 в рабочие дни с 9.00 до 18.30 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов, либо в Единый контакт центр по вопросам оказания государственных услуг, который представляет собой информационно-справочную службу, обеспечивающую работу по предоставлению услугополучателям информации по вопросам оказания государственных услуг по телефонам 1414, 8-800-080-7777 (звонок бесплатный).
________________________________________________

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылардың өтініштері бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ұлттық Банктің Ақмола филиалы «Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларына 4-1-қосымшада белгіленеді.

«Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Электрондық үкімет» (www.egov.kz), «Электронды лицензиялау» (www.elicense.kz) веб-порталдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қызмет алушының қолданыста электрондық сандық қолтаңбасының (ЭСҚ) болуы – маңызды шарты болып табылады.

«Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензия беру» қызметті көрсетуде қызмет алушы қызметтің жеке түрімен айналысу құқығы үшін белгіленген мөлшерде лицензия алымын: лицензия немесе оның телнұсқасын алу үшін 40 айлық есеп көрсеткішін (бұдан әрі – АЕК), лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны беру мөлшерлемесінің 10 пайызын төлейді, алайда, ол 4 АЕК аспауы тиіс.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми интернет — ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібіне қатысты барлық мәселелер бойынша қызмет алушы Көкшетау қ., М.Әуезов көшесі, 214 мекенжайы бойынша орналасқан Ұлттық Банктің Ақмола филиалына жұмыс күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, 9.00-ден 18.30-ға дейін 8(7162) 55-18-00, 55-18-04 телефон номерлері арқылы немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы қызмет алушыларға ақпарат беру жұмысын қамтамасыз ететін ақпараттық – анықтама қызметінің Бірыңғай байланыс орталығына 1414, 8-800-080-7777 (қоңырау шалу тегін) телефон номерлері арқылы хабарласуға болады.