29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 14 апреля

Көңіл айтушылар: Теңбай Ыбраев, ағайынды Серік- Мұрат Елубаевтар, Кенжеболат Абдрахманов, Серік Сабитов, Болат Сейпиев, Камал Зарипов, Қайыргелді Бейсекеев, Қобыланды Шакубасов, Жолаушы Альжанов, Октябрь Нурпеисов

Еске алып- қиналамыз

Таң атса, күн батқан уақыт зулап зымырап жатыр. Иә, пендеде шара бар ма? Қашан дәмі таусыларың білмейді. Күні келген кезде мәңгілікке аттанады. Сонда артта не қалады. Жиған байлығын емес, атақ даңқ емес тек жақсы сәттер есте қалады.

Кеше ғана арамызда жүрген жан жолдас Тушанов Шайдолла Ақметолла-ұлы Көкшетау облысы, Айыртау ауданы Қаратал елді мекенінде 1949 жылы дүниеге келген.

1966-67 жылдары Отан алдындағы борышын адал атқарып туған елі Қараталға қайтып оралады.

Еңбек жолын елінде жүргізуші болып бастап зор абыройға легіп, 1969 жылы елінде Қаратал совхозы құрылғанда, сол совхоздың директорының орыңбасары қызметіне шақырылып, оны да абыроймен атқарып, елінің көркейіп өсуіне зор еңбек етеді.

1986 жылы совхоздың тарауына байланысты отбасымен Көкшетау қаласына көшіп келеді.

1986 жылдан бастап көп жылдар бойы Хасенов Асқар Ғалым-ұлы басқарған құрылыс мекемесінде еңбек етіп, зейнеткерлікке шығады.

Жұбайы Сағила Нұрғалиқызымен екі бала тарбиелеп өсіріп, немере көріп, бақытты отбасы болып  жүрген шағында осыдан 40-күн бұрын дүниеден озып отыр.

Шайдолла Ахметолла ұлымен төменде аты аталатын жолдастар Еркін Нұржанұлы Ауельбеков атындағы демалыс алаңында кездесіп жақсы жолдас болып кеттік. Еркін Нұржанұлы Ауельбековке ескерткіш қойылуына атсалысқанымызға Шайдолламен бірге қуанып айтып жүруші едік, жүрегімізде қимастық бар. Бірақ адам мәңгі жасамайды. Шайдолланың жақсылығын еске алып жұбайы Сағила Нұрғалиқызына, Шайдолланың балаларына көңіл айтамыз.