29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 28 апреля

Амина Мағауина

Кіші сержант. Қарағанды қаласы.

Кездесу кеші

2024 жылғы 11 ақпан күні 5451 әскери бөлімінің клуб бөлімінде Ауған соғысының ардагері Дюсембеков Нұрлан Айдарханұлымен кездесу кеші өткізілді.

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Кеңес Одағы 1979 жылы Ауғанстанға әскер кіргізіп, 1989 жылы 15 ақпанда соғыс болып жатқан жерді тастап шыққан. Одан бері, қаншама жылды артқа тастағанымен бұл жара халық жүрегіне өшпес сызат қалдырды.
Қаншама қандастарымыз елге оралмай, сол майданда мерт болды. Елге аман келген ағаларымыздың ерең еңбектерін еске алып, сарбардарымызға насихат жасау біздің парызымыз

— дейді 5451 әскери бөлім командирінің ТжӘҚЖ орынбасары майор Өміржан Ғабит.

Осы күндерді еске тұсында соғыстың иісін көрген, еңбегі елең ететін қандас ағамыз Ауған соғысының ардагері Дюсембеков Нұрлан Айдарханұлы қонақ ретінде шақырылып, сұрапыл соғыс тақырыбында сұхбат алынды. Ардагер Нұрлан Айдарханұлы соныңда жеке құрамға тілегінде білдіре кетті.

Және «Ауғанстан-жүректегі жара» атты бейнематериал жүргізілді.

Наше сообщество в Одноклассниках. Вступай!