Базалық мөлшерлеме: ол бізге несімен маңызды
Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі өзгерген кезде ол тек банктер мен қаржы нарығына ғана қатысты дүние секілді көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, оның ықпалын бірден болмаса да, азаматтар да, бизнес те сезінеді – кредиттер мен депозиттер бойынша мөлшерлемелер, тұтынушылық сұраныс және түптеп келгенде, инфляция қарқыны өзгереді.
Базалық мөлшерлеме деген не
Базалық мөлшерлеме – Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатында (АКС) қолданатын негізгі құралы. Өз кезегінде, АКС – экономикадағы ақша құнын реттеуге арналған шаралар кешені. Оның басты міндеті – бағаның тұрақтылығын сақтау. Яғни, ҚР Ұлттық Банкі жүргізетін ақша-кредит саясатының түп мақсаты – ортамерзімді перспективада жылдық инфляцияны шамамен 5% деңгейінде тұрақтандыру және ұстап қалу. Осы мақсатқа жету үшін Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме










