29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 22 июня

По информации Акмолинского филиала Национального Банка

Цифровой тенге: будущее платежей Казахстана. Цифрлық теңге: Қазақстан төлемдерінің болашағы

Казахстан активно движется к внедрению цифровой валюты, как и многие другие страны, рассматривая ее как неотъемлемую часть финансового будущего.  Одной из главных особенностей цифрового тенге станет ускорение расчетов: если сегодня безналичные платежи занимают некоторое время, то с цифровым тенге этот процесс станет практически мгновенным. Это позволит стране не отставать от стремительных темпов развития глобальной экономики.

Цифровая валюта не имеет физического воплощения, но «увидеть» ее можно через логотип, разработанный сотрудниками Национального Банка Казахстана. В основе логотипа – символ тенге (₸), выполненный в бело-зеленой гамме.

Что такое цифровой тенге?

Цифровой тенге – это третий вид национальной валюты Казахстана, наряду с наличными и безналичными деньгами. Он не заменит существующие способы расчетов, а будет дополнять их, создавая дополнительные возможности для удобных и быстрых финансовых операций.

Цифровой тенге будет эмитироваться только Национальным Банком и будет являться его обязательством. Иными словами, доверие к цифровой валюте обеспечивается гарантией Национального Банка Казахстана.

Каждый цифровой тенге – это уникальная цифровая последовательность, своего рода токен, который можно хранить на «цифровом кошельке» в банковском приложении. Для работы с этим кошельком достаточно будет обычного мобильного устройства.

Как это будет работать?

Пользователям не придется использовать дополнительные устройства, устанавливать сервисы и регистрироваться в них. Нужно будет оформить специальную карту в банке, подключенном к платформе Цифровой тенге. После этого в мобильном приложении появится новый раздел «Цифровой счет», где можно будет перевести деньги с обычных счетов в цифровой формат. Такой процесс будет простым и интуитивно понятным.

Преимущества цифрового тенге

Цифровой тенге объединяет в себе преимущества наличных денег и безналичных расчетов. Например, для проведения платежей цифровым тенге, не потребуется интернет.

Цифровой валютой, как обычными безналичными деньгами, можно будет расплачиваться за покупки онлайн и в POS-терминалах, совершать мгновенные переводы.

Кроме того, при необходимости цифровой тенге можно будет обналичить или перевести на депозит – поменять один формат валюты на другой. Платить комиссию в этом случае не нужно.

С запуском третьей формы национальной валюты все виды денег в стране останутся равноценными. Иными словами, 1 цифровой тенге будет равен 1 тенге в наличной или в безналичной форме.

Новый вид национальной валюты будет доступен всем субъектам экономики при осуществлении ими платежей и расчетов.

Однако на счета в цифровом тенге не будут начислять проценты.

Программируемая валюта

Цифровой тенге обладает интересной особенностью – он программируемый.  Это означает, что в цифровую валюту, при выпуске можно заложить конкретную цель расходов, например, для государственных закупок или социальных выплат. Такая функция позволяет отслеживать, куда именно расходуются средства, что повысит прозрачность финансовых операций и поможет бороться с коррупцией и отмыванием денег.

Проект цифрового тенге в Казахстане находится на стадии тестирования. В ближайшем будущем планируется его полноценный запуск.

_____________________________________

Қазақстан көптеген басқа ел сияқты цифрлық валютаны енгізуге белсенді түрде бет бұрып, оны қаржылық болашақтың ажырамас бөлігі ретінде қарастырып отыр.  Цифрлық теңгенің басты ерекшеліктерінің бірі – есеп айырысуды жеделдету: егер бүгінгі күні қолма-қолсыз төлемдер біраз уақытты талап етсе, цифрлық теңге   бұл процессті едәуір жылдамдатады. Бұл елге жаһандық экономиканың даму қарқынынан қалмай ілесуге мүмкіндік береді.

Цифрлық валютаның физикалық нұсқасы жоқ. Алайда оны Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлері әзірлеген логотип арқылы көруге болады.  Логотиптің негізінде ақ-жасыл түстер гаммасында орындалған теңге символы (₸) қолданылады.

Цифрлық теңге дегеніміз не?

Цифрлық теңге – қолма-қол және қолма-қолсыз ақша қатарында Қазақстан ұлттық валютасының үшінші түрі. Ол қолданыстағы есеп айырысу құралдарын алмастырмайды, керісінше оларды толықтырады, сондай-ақ ыңғайлы және жылдам қаржылық операцияларға қосымша мүмкіндік жасайды.

Цифрлық теңгені тек Ұлттық Банк шығарады және оның міндеттемесі болып табылады. Басқаша айтқанда, цифрлық валютаға деген сенімділік Қазақстан Ұлттық Банкінің кепілдігімен қамтамасыз етіледі.

Әрбір цифрлық теңге – бірегей цифрлық дерек. Ол банк қосымшасындағы «цифрлық әмиянда» сақталады және таңбалаудың ерекше түрі ретінде ерекшеленеді. Бұл әмиянмен жұмыс істеу үшін қарапайым мобильді құрылғы жеткілікті болады.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Цифрлық теңгені пайдалану үшін арнайы құрылғыларды немесе қызметтерді орнату және оларға тіркелу қажет емес. Цифрлық теңге платформасына қосылған банкте арнайы картаны ресімдеу қажет. Осыдан кейін мобильді қосымшада жаңа «Сандық шот» бөлімі пайда болады, онда ақшаны кәдімгі шоттардан сандық форматқа ауыстыруға болады. Мұндай процесс қарапайым және интуитивті болады.

Цифрлық теңгенің артықшылықтары

Цифрлық теңге қолма-қол ақша мен қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың артықшылықтарын біріктіреді. Мысалы, цифрлық теңгемен төлемдер жүргізу үшін интернет қажет емес.

Кәдімгі қолма-қолсыз ақшамен сияқты цифрлық валютамен онлайн және POS-терминалдарда сатып алулар үшін төлемдер жүргізуге, жедел аударымдар жасауға болады.

Сонымен қатар қажет болған жағдайда цифрлық теңгені қолма-қол ақшаға айналдыруға немесе депозитке аударуға, яғни валютаның бір форматын екіншісіне ауыстыруға болады. Бұл жағдайда комиссия төлеудің қажеті жоқ.

Ұлттық валютаның үшінші түрі шыққан кезде елдегі ақшаның барлық түрлері тең болып қалады. Басқаша айтқанда, 1 цифрлық теңге қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда 1 теңгеге тең болады.

Ұлттық валютаның жаңа түрі экономиканың барлық субъектілеріне төлемдер мен есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде қолжетімді болады.

Алайда цифрлық теңгедегі шоттарға пайыздар есептелмейді.

Бағдарламаланатын валюта

Цифрлық теңгенің маңызды артықшылықтарының бірі – оның бағдарламалануы.  Бұл дегеніміз, цифрлық валютаны шығару кезінде, мысалы, мемлекеттік сатып алу немесе әлеуметтік төлемдер үшін шығындардың нақты мақсатын қоюға болады. Бұл функция қаражаттың нақты бағытта және мақсатта жұмсалуын қамтамасыз етіп, қаржылық операциялардың ашықтығын арттырады және сыбайлас жемқорлықпен және ақшаны жылыстатумен күресуге көмектеседі.

Қазақстанда цифрлық теңге жобасы тестілеуден өткізіліп жатыр. Жақын арада оны толыққанды іске қосу жоспарлануда.