Қазақстан аумағынан тысқары 44 учаскеде әлі де дауыс беру жүріп жатыр
Дауыс беру Қазақстан аумағынан тысқары жердегі 44 учаскеде жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елдің ішіндегі барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Дауыс беру тек Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жердегі 44 учаскеде жүріп жатыр. Бүкіл кезең бойы дауыс беру процесін кандидаттардың сенім білдірген өкілдері, саяси партиялардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары бақылады. Қорытынды статистика ертең ұсынылады
- деді Константин Петров.
Оның атап өтуінше, бүгін сайлаушылар тізіміне қосылмаған және тіркеуі жоқ азаматтарға да дауыс беру мүмкіндігі ұсынылды.
Нәтижесінде 2 260 сайлаушы сондай мүмкіндікке ие болды.
Ертең күннің бірінші жартысында дауыс