25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болады
АСТАНА. KAZINFORM — Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қазақстанда аза тұту жарияланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды— делінген хабарламада.Еске салайық, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапқанын хабарлағанбыз. Үш әскери қызметші құтқарылды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.Кейінірек әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын жаздық.Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін т










