29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Ақмола облысы бойынша МКД баспасөз қызметі

Ақмолалықтар үздіктердің қатарында!

2026 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 12 жыл толуына орай Спартакиада өтті.

Спорттық шараға Мемлекеттік кірістер комитеті мен аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің 400-ге жуық қызметкері қатысты.
Спартакиаданың ашылу салтанатына Олимпиада чемпионы әрі қоғам қайраткері Серік Сәпиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі және қатысушыларға сәтті өнер көрсетуді, командалық рух пен жаңа спорттық жеңістер тіледі.

Ашылу салтанатына «Жеңіс» клубының капитаны әрі Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, қазақстандық футболшы Қуат Исламбек те қатысты.
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев те құттықтау сөз сөйледі. Ол қызметкерлерді мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 12 жыл толуымен құттықтап, мұндай іс-шаралардың ұжымдық рухты нығайтуда, өзара қарым-қатынасты дамытуда және біртұтас команда қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.

Бүгін мұнда еліміздің барлық өңірінен қызметкерлер жиналды. Бұл – бәсекелестік рухты көрсетуге ғана емес, сонымен қатар біртұтас команда екенімізді сезінуге таптырмас мүмкіндік. Соңғы 12 жыл ішінде мемлекеттік кірістер органдары үлкен жолдан өтті, ал бүгінде біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр

– деп атап өтті Жандос Дүйсембиев.

Спартакиаданың басты мақсаты – Мемлекеттік кірістер комитеті жүйесінде дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ командалық өзара іс-қимылды нығайту және ұжымдық бірлікті қалыптастыру.

Жарыстар алты спорт түрі мен дисциплинаны қамтыды: футбол, шахмат, волейбол, үстел теннисі, Counter-Strike және Dota. Нәтижелер негізінде командалық жарыстардың жеңімпаздары мен үздік жеке ойыншылар анықталды.

Волейбол
I орын — «DSR Company» ЖШС
II орын — Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
III орын — Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

Ақмола волейбол командасының ойыншысы Сергей Рудь «Үздік қорғаушы» жеке номинациясы бойынша марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Наш блог в Twitter! Будь в курсе новостей!