Ақмолалықтар үздіктердің қатарында!
2026 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 12 жыл толуына орай Спартакиада өтті.
Спорттық шараға Мемлекеттік кірістер комитеті мен аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің 400-ге жуық қызметкері қатысты.
Спартакиаданың ашылу салтанатына Олимпиада чемпионы әрі қоғам қайраткері Серік Сәпиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі және қатысушыларға сәтті өнер көрсетуді, командалық рух пен жаңа спорттық жеңістер тіледі.
Ашылу салтанатына «Жеңіс» клубының капитаны әрі Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, қазақстандық футболшы Қуат Исламбек те қатысты.
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев те құттықтау сөз сөйледі. Ол қызметкерлерді мемлекеттік кірістер органдарын









