Кандидат в Президенты Жигули Дайрабаев ответил на вопросы журналистов на состоявшейся сегодня пресс-конференции после очередного заседания Центральной избирательной комиссии, передает BAQ.KZ.
— Кто ваш главный оппонент на выборах?
Выборы — это политическая игра. В этом политическом соревновании мы приложим весь наш опыт, знания и усилия для социально-экономического и политического развития Казахстана. Я не участвую в выборах, потому что мне страшно и страшно и я не собираюсь кого-то поддерживать. По итогам выборов избиратели народа Казахстана решат, кто победит
— ответил он.
Также Жигули Дайрабаев набрал 125 081 голос из 20 областей Казахстана. 119 975 из них были признаны чистыми. Кандидат уверен, что эти избиратели поддержат его на выборах.
Народно-демократическая партия «Аул» насчитывает более 300 тысяч членов. Кроме того, насчитывается более 52 тысяч членов Ассоциации фермеров Казахстана. Я благодарен своим коллегам, которые поддерживают меня и доверяют мне. В дальнейшем мы также посетим 20 регионов Казахстана и проведем агитационные мероприятия. Я уверен, что избиратели проголосуют за меня
— сказал кандидат.
В ходе пресс-конференции он также ответил на вопрос журналиста о медосмотрах.
Я здоров. Если вы хотите подраться с молодыми людьми, я могу выйти и подраться. Я гражданин, ведущий здоровый образ жизни. Могу сказать, что у меня хорошее здоровье, как у человека, который занимался спортом в таком селе, как Алатау
— сказал Жигули Молдакалыкулы.
Стоит отметить, что журналист, которому было предложено ответить на вопрос по-русски, подчеркнул, что «отвечу по-казахски, на каком бы языке вы ни спросили».
Подпишись на наш видеоблог на YouTube! Тебе не сложно — нам приятно )
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында журналист сұрақтарына Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Баспасөз мәслихатында Жигули Молдақалықұлына «Сайлаудағы басты қарсыласыңыз кім?» деген сұрақ қойылды.
Сайлау — саяси дода. Бұл саяси додада біз бар тәжірибемізді, білімімізді, күш-жігерімізді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуына жұмсаймыз. Мен сайлауға қорқып, үркіп, біреуді жақтаймын деп қатысып отырған жоқпын. Сайлау нәтижесінде кім жеңеді оны Қазақстан халқының сайлаушылары шешеді
— деп жауап берді ол.
Сондай-ақ, Жигули Дайрабаев Қазақстанның 20 өңірінен 125 081 дауысты жинаған. Оның 119 975-і анық деп танылған болатын. Үміткер бұл сайлаушылардың сайлау барысында өзін қолдайтынына сенімді.
«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясында 300 мыңнан аса мүшесі бар. Одан бөлек, 52 мыңнан астам Қазақстан фермерлер қауымдастығының мүшелері бар. Осы мені қолдап, сенім артып отырған әріптестеріме алғыс айтамын. Алдағы уақытта да Қазақстанның 20 өңірін аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін боламыз. Сайлаушылардың маған дауыс беретініне сенімдімін
-деді үміткер.
Баспасөз мәлихаты барысында ол журналистің медициналық тексерістер туралы сауалына да жауап берді.
Менің денім сау. Жас жігіттермен күресейік десеңіз, шығып күресе аламын. Салауатты өмір салтын бір адамдай ұстанатын азаматпын. Алатаудай ауылда спортпен айналысқан адам ретінде денсаулығымның жақсы екенін айта аламын
— деді Жигули Молдақалықұлы.
Айта кететін бір жайт, сұраққа орысша жауап беруін сұраған журналиске «Мен қай тілде сұрақ қойсаңыз да, қазақ тілінде жауап қайтарамын» деп баса айтты.