«Заң мен тәртіп» қағидаты – азаматтардың құқықтарын қорғап, қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды негізі. Бүгінде алаяқтар заманауи технологияларды пайдаланып, жалған QR-кодтар арқылы тұрғындардың жеке және қаржылық деректерін иемденуге әрекет етуде. Сондықтан қоғамдық орындардағы QR-кодтарды сканерлеу кезінде ерекше сақ болған жөн.
Күмәнді QR-кодтардың негізгі белгілері:
* басқа жарнаманың немесе хабарландырудың үстіне жапсырылған;
* ресми емес үлгіде безендірілген;
* «Сыйлық алыңыз», «Тек бүгін», «Жедел сканерлеңіз» сияқты асықтыратын мәтіндер жазылған;
* ұйымның атауы мен байланыс деректері көрсетілмеген.
Өзіңізді қорғаудың қарапайым ережелері:
* белгісіз QR-кодтарды себепсіз сканерлемеңіз;
* ашылатын сілтеменің интернет-мекенжайын мұқият тексеріңіз;
* күмәнді сайттарға жеке деректеріңізді, банк картасының мәліметтерін немесе SMS-кодтарды енгізбеңіз;
* белгісіз қосымшаларды жүктеуге немесе құрылғыға қосымша рұқсаттар беруге келіспеңіз;
* төлем жасамас бұрын QR-кодтың ресми ұйымға тиесілі екеніне көз жеткізіңіз.
Заң мен тәртіп – әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өзіңізді де, жақындарыңызды да интернет-алаяқтардың құрбаны болудан қорғай аласыз.
Заңды біліңіз, тәртіпке бағыныңыз!

