Запуск этого сервиса является важным шагом в развитии цифровой экосистемы государственных услуг. Он делает получение необходимых документов более быстрым, безопасным и удобным, а также снижает вероятность мошеннических схем и вмешательства третьих лиц
— подчеркнул Арман Кенжегалиев, председатель правления Госкорпорации «Правительство для граждан».
Применение электронной доверенности исключает необходимость передачи документов третьим лицам и минимизирует риски недобросовестных действий. Прямое взаимодействие с государственными информационными системами обеспечивает достоверность, актуальность и автоматическую проверку данных.
Для пользования сервисом необходимо авторизоваться в мобильном приложении «ЦОН» (доступно в App Store и Google Play) по ИИН и номеру телефона.
Стоимость услуги составляет 500 тенге за оформление одной доверенности.
Внедрение цифрового сервиса способствует дальнейшему повышению удобства и безопасности государственных услуг для граждан Республики Казахстан.
____________________________
Мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуын дамыту және азаматтар үшін қолжетімділігін арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасына «Сенімхат рәсімдеу» жаңа цифрлық сервисін енгізді.
Аталған сервис мамандандырылған ХҚКО-ларда мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сенімхаттарды азаматтарға онлайн форматта рәсімдеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, дайын құжаттарды алу, көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару, көлік құралының техникалық паспорты мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін ауыстыру немесе олардың телнұсқасын алу қызметтері. Қызмет көрсету үдерісі толықтай онлайн жүзеге асырылады және бар болғаны бірнеше минутты алады. Сенімхат электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады, бұл құжаттың заңды күшін қамтамасыз етіп, дербес деректердің қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етеді.
Бұл сервистің іске қосылуы мемлекеттік қызметтердің цифрлық экожүйесін дамытудағы маңызды қадам болды. Азаматтар үшін қажетті құжаттарды алу процесін жылдам, қауіпсіз әрі ыңғайлы етіп, алаяқтық әрекеттер мен үшінші тұлғалардың араласу қаупін төмендетеді
– деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Электронды сенімхатты қолдану үшінші тұлғаларға құжаттарды беру қажеттілігін жояды және заңсыз әрекеттердің алдын алуға ықпал етеді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен тікелей өзара байланыс деректердің дұрыстығын, өзектілігін және автоматты түрде тексерілуін қамтамасыз етеді.
Сервисті пайдалану үшін «ЦОН» мобильді қосымшасында ЖСН және телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту қажет. Қосымша App Store және Google Play платформаларында қолжетімді.
Қызмет құны – бір сенімхатты рәсімдеу үшін 500 теңге.
Аталған цифрлық сервистің енгізілуі Қазақстан Республикасы азаматтары үшін мемлекеттік қызметтердің қолайлылығы мен қауіпсіздігін одан әрі арттырады.

