29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

В Кокшетау прошёл Международный научный форум «Шокан Уалиханов: исследователь, просветитель, человек эпохи»

17 – 18 октября 2025 года в г. Кокшетау состоялся Международный научный форум «Шокан Уалиханов: Исследователь, Просветитель, Человек эпохи», посвящённый 190-летию со дня рождения выдающегося казахского учёного и просветителя Шокана Уалиханова.

Организаторами форума выступили Almaty Management University (AlmaU), Национальная академия наук Республики Казахстан при Президенте РК, Ualikhanov University, при поддержке Национального музея РК, Qazaq Geography, Turan TV, а также акиматов Акмолинской и Северо-Казахстанской областей.

Форум, посвящённый Шокану Уалиханову, стал важным событием, объединяющим учёных, педагогов и исследователей разных поколений. Его главная цель — осмыслить феномен великого казахского мыслителя как первого отечественного учёного, признанного в европейской академической среде, показать, насколько актуальны его идеи в современном мире, обсудить его вклад в развитие отечественной и мировой науки.

Особое внимание на форуме было уделено актуализации научного и философского наследия Ш.Уалиханова в контексте современных вызовов – переосмыслении национальной идентичности, роли науки и ценностных ориентиров в обществе.

В своём приветственном выступлении основатель и ректор AlmaU Асылбек Кожахметов подчеркнул:

Сегодня мы собрались здесь что бы вспомнить работы и путь выдающегося просветителя ШоханаУалиханова. Сейчас, когда Казахстан делает ставку на развитие человеческого капитала и инновационной экономики, обращение к наследию Шокана Уалиханова становится не просто данью памяти, а осмысленным шагом к формированию новой гуманитарной парадигмы. Ярким проявлением его преданности науке и народу являются труды, в которых он, сочетая знания Востока и Запада, по-новому исследовал историю и культуру Центральной Азии. Его этнографические и географические исследования представляют для нас бесценное наследие здесь. Для AlmaU соорганизация этого форума имеет особое значение. Мы убеждены, что подобные инициативы укрепляют связь науки, образования и культуры, вдохновляя новое поколение на исследования и открытия

Ректор  Кокшетауского университета имени Ш.Уалиханова Марат Сырлыбаев обратился к участникам:

Этот форум — важная площадка, призванная возрождать национальный дух и укреплять преемственность науки и образования.Шокан Уалиханов — великий деятель, глубоко исследовавший историю и культуру своего народа и представивший казахскую нацию миру.
Его научное наследие — неиссякаемое духовное богатство для нынешнего поколения и подлинный пример истинного патриотизма

Своё видение значимости форума представил также директор Междисциплинарного центра науки Национальной академии наук Республики Казахстан при Президенте РК Куантар Алиханов, который отметил:

Форум стал значимой площадкой на пересечении истории, этнографии, археологии, культурологии и гуманитарных наук. Он объединил отечественных и зарубежных исследователей, предоставив возможность обменяться опытом и по-новому осмыслить богатое научное наследие Шокана Уалиханова в контексте современных исследований. Особое значение форум имеет для привлечения молодежи в науку, формирования исследовательской культуры и укрепления преемственности национальной научной школы

Форум объединил не только казахстанских, но и зарубежных учёных.
В формате видеообращения к участникам выступил академик НАН РК, член-корреспондент Болонской академии наук (Италия), заслуженный деятель науки Республики Казахстан Оразак Исмагулов.

Программа первого дня включала пленарные и панельные сессии, презентацию книги и премьерный показ документального фильма.

Пленарная сессия задала высокий научный тон форуму. В ней приняли участие  учёные из Казахстана, Кыргызстана, России и Испании:

  • Сембі Марат, общественный деятель РК, историк
  • Турдалиева Чолпан, д.и.н., профессор, PhD, профессор Американского университета в Центральной Азии
  • Кольбаева Мээрим, заведующая отдела «Манас», фольклор и акынская поэзия Института языка и литературы им. Ч. Айтматова Национальной академии наук КР
  • Никулин Алексей, действительный член Русского географического общества, член Союза журналистов России
  • Ермекбай Жарас, доктор исторических наук, профессор ЕНУ им. Л. Гумилева
  • Утениязов Самат, кандидат исторических наук, профессор Мадридского университета, КазНУ им. аль-Фараби
  • Мазбаев Орденбек, главный научный сотрудник Национальной академии образования им. Ибрая Алтынсарина

Их доклады были посвящены роли Шокана Уалиханова в развитии этнографии, философии познания и межкультурного диалога.

Особый интерес вызвала презентация книги члена Союза писателей РК и Казахстанского национального географического общества Исмаилжана Иминова «Край шести городов».Также в рамках форума состоялся премьерный показ документального фильма «По следам Шокана Уалиханова», созданного AlmaU и Turan TV. Картина получила высокий интерес со стороны аудитории благодаря сочетанию исторической достоверности, эмоциональной выразительности и современного визуального языка.

Во второй половине дня прошли панельные сессии, на которых обсуждались горизонты научного познания XIX века, развитие этнографии и тюркологии, а также современные междисциплинарные подходы. Молодые исследователи представили собственные интерпретации идей Шокана Уалиханова, подтверждая их актуальность для XXI века.

Второй день форума был посвящён насыщенной культурно-просветительской программе.
18 октября участники посетили Айыртауский район Северо-Казахстанской области, где познакомились с богатым историческим наследием региона. В программе дня были экскурсия в историко-культурный музей-заповедник «Ботай» и посещение резиденции бабушки великого учёного Шокана Уалиханова Айганым. Кроме того, гости побывали в Высшем многопрофильном колледже «Зейнеп», где узнали о его образовательных инициативах и встретились с местными краеведами и педагогами.
Эта поездка предоставила участникам возможность прикоснуться к историческому наследию и воссоздать культурный контекст эпохи, в которой жил и творил великий казахский учёный.

Международный форум «Шокан Уалиханов: Исследователь, Просветитель, Человек эпохи» стал значимым событием в научной и культурной жизни Казахстана. Участники отметили, что наследие великого казахского учёного по-прежнему остаётся источником вдохновения и интеллектуальным ориентиром для современного общества.

Форум показал, насколько важна интеграция исторического и гуманитарного знания в современный образовательный процесс. Особое место в этом контексте заняли университетские инициативы, направленные на развитие междисциплинарных исследований и популяризацию научного наследия. AlmaU, выступивший партнёром и соорганизатором форума, внес заметный вклад в его реализацию – от экспертного участия до медиапроектов, включая документальный фильм, позволивший по-новому осмыслить личность Шокана Уалиханова.

Итоги форума подчеркнули значение академического сотрудничества между вузами Казахстана, Центральной Азии и Европы. Событие стало площадкой, объединившей поколения исследователей и укрепившей диалог между наукой, культурой и образованием — продолжая тем самым миссию, которой следовал сам Шокан Уалиханов.

Наша страница в Фейсбук! Подпишись!

2025 жылы 17 – 18 қазан аралығындаКөкшетау қаласында көрнекті қазақ ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған «Шоқан Уәлиханов: зерттеуші, ағартушы, дәуіртұлғасы» атты Халықаралық ғылыми форум өтті.

Форумның ұйымдастырушылары – Almaty Management University (AlmaU),Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы және Ualikhanov University. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Qazaq Geography, Turan TV, сондай-ақ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері қолдау көрсетті.

Шоқан Уәлихановқа арналған форум түрлі буынның ғалымдарын, педагогтары мен зерттеушілерін біріктірген маңызды іс-шараболды. Форумның басты мақсаты – еуропалық академиялық ортада мойындалған тұңғыш отандық ғалым, ұлы қазақ ойшылының феноменін терең түсіну, оның идеяларының қазіргі замандағы өзектілігін айқындау және Ш.Уәлихановтың ұлттық әрі әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылау.

Форум барысында Ш.Уәлихановтың ғылыми және философиялық мұрасын қазіргі заман сын-тегеуріндері аясында – ұлттық бірегейлікті қайта пайымдау, ғылымның қоғамдағы рөлін және адамзаттық құндылықтарды айқындау тұрғысынан зерделеуге ерекше назар аударылды.

AlmaU университетінің негізін қалаушы және ректоры Асылбек Қожахметов өз құттықтау сөзінде атап өтті:

Бүгін біз осында ұлы ағартушы Шоқан Уәлихановтың еңбектері мен өмір жолын еске алу үшін жиналдық. Қазіргі таңда Қазақстан адами капитал мен инновациялық экономиканы дамытуға басымдық беріп отырған кезеңде, Шоқан Уәлихановтың мұрасына қайта үңілу – жай еске алу емес, жаңа гуманитарлық парадигманы қалыптастыру жолындағы саналы қадам. Оның ғылым мен халыққа адал қызметінің айқын көрінісі – Шоқанның Шығыс пен Батыстың білімін ұштастыра отырып, Орталық Азияның тарихы мен мәдениетін жаңаша зерттеген еңбектері. Оның этнографиялық және географиялық зерттеулері – біз үшін баға жетпес мұра. AlmaU үшін бұл форумның тең ұйымдастырушысы болу – ерекше мәнге ие. Біз мұндай бастамалар ғылым, білім және мәдениет арасындағы байланысты нығайтып, жаңа буынды ізденіс пен жаңалыққа шабыттандырады деп сенеміз

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаев қатысушыларға арнаған сөзінде атап өтті:

Бұл форум — ұлттық рухты жаңғыртып, ғылым мен білімнің сабақтастығын нығайтатын маңызды алаң. Шоқан Уалиханов — өз халқының тарихы мен мәдениетін терең зерттеп, әлемге қазақ елін танытқан ұлы тұлға. Оның ғылыми мұрасы — бүгінгі ұрпақ үшін сарқылмас рухани қазына және шынайы отансүйгіштіктің үлгісі

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының Ғылымның пәнаралық орталығының директоры Қуантар Алиханов та форумның маңыздылығы жөніндегі өз көзқарасымен бөлісті:

Осы форум – тарих, этнография, археология, мәдениеттану және гуманитарлық ғылымдардың тоғысқан маңызды алаңы. Ол отандық және шетелдік ғалымдардың тәжірибе алмасуына, Шоқан Уәлихановтың бай ғылыми мұрасын заманауи зерттеу контекстінде жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. Форумның мазмұны жас буынды ғылымға тарту, зерттеу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық ғылыми мектептің сабақтастығын нығайту ісінде ерекше рөл атқарады

Форум тек қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік ғалымдарды да біріктірді.
Қатысушыларға бейнеқұттықтауын Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Италияның Болонья ғылым академиясының мүше-корреспонденті, Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Оразақ Исмағұлов жолдады.

Форумның бірінші күнгі бағдарламасына пленарлық және панельдік сессиялар, кітаптың тұсаукесері мен деректі фильмнің премьерасы енді.

Пленарлық сессия форумның ғылыми деңгейін айқындап, жоғары қарқын берді. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Испания ғалымдары қатысты.

  • Сембі Марат, Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, тарихшы
  • Турдалиева Чолпан, тарих ғылымдарының докторы, PhD, Орта Азиядағы Америка университетінің профессоры, Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі
  • Көлбаева Мээрим, Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Ш. Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының «Манас», фольклор және ақындық поэзия бөлімінің меңгерушісі
  • Никулин Алексей, Ресейдің География қоғамының толық мүшесі, Ресей Журналистер одағының мүшесі
  • Ермекбай Жарас, тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.
  • Өтениязов Самат, тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Мадрид университетінің профессоры
  • Мазбаев Орденбек, география ғылымдарының докторы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері.

Олардың баяндамалары Шоқан Уәлихановтың этнографияның, таным философиясының және мәдениетаралық диалогтың дамуына қосқан үлесіне арналды.

Ерекше қызығушылық тудырған сәттердің бірі – Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстанның Ұлттық географиялық қоғамының мүшесі Исмаилжан Иминовтың «Край шести городов» атты кітабының таныстырылымы болды. Сондай-ақ форум аясында AlmaU және Turan TV бірлесіп түсірген «Шоқан Уәлихановтың ізімен» атты деректі фильмнің премьерасы өтті. Фильм тарихи дәлдігімен, эмоциялық әсерлілігімен және заманауи визуалды тілімен көрермендердің жоғары қызығушылығын тудырды.

Күннің екінші жартысында өткен панельдік сессияларда XIX ғасырдағы ғылыми таным көкжиектері, этнография мен түркологияның дамуы, сондай-ақ қазіргі пәнаралық тәсілдер талқыланды.Жас зерттеушілер Шоқан Уәлихановтың идеяларын өз көзқарастарымен түсіндіріп, олардың XXI ғасырдағы өзектілігін дәлелдеді.

Форумның екінші күні мазмұнды мәдени-ағартушылық бағдарламаға арналды.
18 қазан күні қатысушылар Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына барып, өңірдің бай тарихи мұрасымен танысты. Бағдарлама аясында әйгілі ғалым Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғанымның резиденциясына және «Ботай» тарихи-мәдени музей-қорығына экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар қонақтар «Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжіне барып, оқу орнының білім беру бастамаларымен танысып, жергілікті өлкетанушылар мен педагогтармен кездесті.

Бұл сапар қатысушыларға ұлы қазақ ғалымы өмір сүрген дәуірдің мәдени контексін сезінуге және тарихи мұраға жақыннан үңілуге мүмкіндік берді.

«Шоқан Уәлиханов: зерттеуші, ағартушы, дәуір тұлғасы» атты Халықаралық форум Қазақстанның ғылыми және мәдени өміріндегі маңызды оқиға болды. Қатысушылар ұлы қазақ ғалымының мұрасы бүгінгі күнге дейін шабыт пен зияткерлік бағдардың қайнар көзі болып отырғанын атап өтті.

Форум тарихи және гуманитарлық білімнің қазіргі білім беру үдерісіне ықпалдасуының маңыздылығын айқын көрсетті. Осы тұрғыда пәнаралық зерттеулерді дамыту мен ғылыми мұраны танымал етуге бағытталған университеттік бастамаларға ерекше назар аударылды. Форумның серіктесі әрі тең ұйымдастырушысы ретінде AlmaU оның жүзеге асуына елеулі үлес қосты – сараптамалық қатысудан бастап, Шоқан Уәлихановтың тұлғасын жаңаша қырынан танытқан деректі фильм секілді медиажобаларға дейін.

Форум қорытындылары Қазақстан, Орталық Азия және Еуропа жоғары оқу орындарының академиялық ынтымақтастығының маңызын көрсетті. Бұл іс-шара зерттеушілердің бірнеше буынын біріктіріп, ғылым, мәдениет және білім арасындағы диалогты нығайтқан алаңға айналды – осылайша, Шоқан Уәлихановтың өзі ұстанған ағартушылық миссиясын жалғастырды.