Мурал, посвященный Аскару Забикулину, появился в Акмолинской области.
В городе Степногорск в преддверии праздника «Дня Спасателя» появился новый мурал, посвященный Аскару Забикулину, сообщает пресс-служба ДЧС Акмолинской области.
Арт-объект с изображением столичного пожарного Аскара Забикулина, погибшего в ноябре 2022 года при спасении людей рискуя собственной жизнью создали на фасаде СПЧ-3 г.Степногорск.
Портрет героя-спасателя выполнен Алматинской компанией «AW_borders», по инициативе Управления по чрезвычайным ситуациям г.Степногорск и местных исполнительных органов. Художник, Аблайхан Сулейменов работал около 10 дней на многометровой высоте. По словам начальника УЧС Г.Степногорск Ержана Каппасова, мурал создан в память о герое и специально к профессиональному празднику – «День спасателя», 19 октября.
Подвиг Аскара знает весь Казахстан. Данный мурал – это одно из наследий, которое осталось нам, а также его дочерям. Большое спасибо за то, что не забыли его подвиг. Выражаю благодарность акимату города за поддержку
– отметил брат Аскара Забикулина Эльдар Забикулин.
По словам присутствующих, стрит-арт рисунок станет очередной достопримечательностью города.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Степногорск қаласында «Құтқарушылар күні» мерекесі қарсаңында Асқар Забикулинге арналған жаңа мурал пайда болды, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
2022 жылдың қараша айында өз өмірін қатерге тігіп, адамдарды құтқару кезінде қаза тапқан елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулин бейнеленген арт-объект Степногорск қ. 3-МӨСБ ғимаратының алдыңғы жағында орналасқан.
Батыр-құтқарушының портретін Степногорск қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының және жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша Алматылық «AW_borders» компаниясы орындаған болатын. Суретші Абылайхан Сүлейменовтың жұмысына 10 күндей уақыт кеткен. Степногорск қ. ТЖБ бастығы Ержан Қаппасовтың айтуынша, мурал батырды еске алу үшін және арнайы кәсіби мереке, 19 қазан – «Құтқарушылар күніне» орай ұйымдастырылған.
«Асқардың ерлігін бүкіл Қазақстан біледі. Бұл мурал – бізге, сондай-ақ оның қыздарына қалған мұралардың бірі болып табылады. Оның ерлігін ұмытпағандарыңыз үшін көп рахмет және де қолдау көрсеткендері үшін қала әкімдігіне алғысымды білдіремін», – деді Асқар Забикулиннің ағасы Эльдар Забикулин.
Қатысушылардың айтуынша, стрит-арт сурет қаланың көрікті жерлерінің біріне айналады.