29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 21 июля

Тоқаев: Ассамблея – бейбітшілік пен келісім идеясының өкілетті ұйымы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында толеранттылықты насихаттап жүрген креативті индустрия өкілдерінің еңбегін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылдың бойында Ассамблея өкілдері елдегі резонанстық жағдайларға балйанысты прагматикалық және ұйыстырушы ұстанымды алға тарта отырып, бірнеше рет мәлімдеме жасады. Сіздер қоғамдық бірлестіктің бір бөлігі ғана емес, бейбітшілік пен келісім идеясының нағыз өкілетті өкілдерісіз. Этносаралық және конфессияаралық қатынастар сияқты сезімтал тақырыпты талқылау кезінде әрқашан парасаттылық пен көрегендіктің үлгісін көрсетіп жүрсіздер

— деген Мемлекет басшысы осы тәсілге сүйене отырып, қоғамда дау туғызуға тырысатын кез-келген әрекетке қарсы тұруға болатынын меңзеді.

Әр азамат ел ішінде де, шетелде де халқымыздың бірлігі мен ынтымақтастық құндылықтарын батыл қорғауға тиіс. Әлеуметтік желідегі челлендждер бұған жақсы мысал. Біздің этносы әр түрлі азаматтарымыз халықтың бірлігін паш етіп, елде кемсітушіліктің жоқ екенін жар салып жүр. Креативті индустрия өкілдері мен жай ғана шығармашылық адамдар Қазақстандағы достық пен өзара түсіністіктің ерекше атмосферасына, азаматтарымыздың мейірімділігі мен толеранттылығына арналған контент жасап жүргені қуантады. Мұндай әндер, өлеңдер, бейнероликтер әрдайым көрермендердің ынта-жігерін оятады

— деді Мемлекет басшысы.

Подпишись на наш видеоблог на YouTube! Тебе не сложно — нам приятно )