29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Tech Orda 2024: Открыт прием заявок на бесплатное IT-образование

Министерство цифровизации объявляет о приеме заявок от физических лиц на участие в новом потоке программы Tech Orda. Программа предоставляет уникальную возможность всем гражданам Казахстана в возрасте от 18 до 45 лет бесплатно освоить IT-профессии.

Прием заявок от потенциальных студентов на обучение будет открыт до 31 июля текущего года на платформе astanahub.com.

Программа Tech Orda, реализуемая по инициативе МЦРИАП РК на базе Astana Hub, направлена на развитие человеческого капитала в сфере информационных технологий. Она охватывает весь спектр приоритетных секторов, включая веб-разработку, 3D-дизайн и 3D-приложения AR/VR, разработку операционных систем, кибербезопасность и IoT, искусственный интеллект и алгоритмы, создание мобильных приложений, а также такие области, как Big Data и GameDev.

За годы существования Tech Orda достигла хороших результатов. Цифры и достижения за 2022 и 2023 годы демонстрируют ее значимость в подготовке квалифицированных кадров и развитии IT-образования в Казахстане. На сегодняшний день уже 91 школа обучила 6251 студента. Программа пользуется популярностью не только в крупных городах, но и в регионах — порядка 40% IT-школ и 46% студентов представлены из различных регионов страны. Кроме того, успех программы подтверждается высокими показателями трудоустройства: 88% выпускников нашли работу, и их средняя заработная плата составила порядка 600 тысяч тенге

— рассказал Жаслан Мадиев, министр цифрового развития и аэрокосмической промышленности РК.

Выпускники программы трудятся в 1079 различных компаниях, включая такие крупные организации, как Kaspi.kz, Halyk Bank, KPMG, Ernst & Young, Тенгизшевройл, КазМунайГаз, Freedom Finance, Kcell, Air Astana, Kolesa Group и другие.

В 2024 году из 131 частной IT-школы, подавшей заявку на участие в программе, аккредитацию прошли 79 школ, предлагая 178 различных курсов. Обучение проводится на государственном, русском и английском языках, а его продолжительность варьируется от 6 месяцев, в зависимости от выбранного курса. Формат обучения гибкий — онлайн, офлайн и гибридный. Это открывает новые возможности для студентов и позволяет им выбрать наиболее удобный способ освоения профессии

— отметил Азиз Тлеумуратов, управляющий директор Astana Hub.

В своем Послании народу Казахстана Глава государства подчеркнул необходимость формирования молодых, образованных и мотивированных кадров, поручив подготовить не менее 100 тысяч IT-специалистов. В соответствии с этим поручением МЦРИАП РК совместно с международным технопарком Astana Hub в 2021 году запустил программу Tech Orda, направленную на подготовку 20 тысяч IT-кадров. Программа является ключевой инициативой, в рамках которой ежегодно планируется обучать более 3 тысяч IT-специалистов при государственной поддержке, выделяя на каждого студента 600 тысяч тенге.

Для тех, кто стремится присоединиться к программе Tech Orda, на портале astanahub.com доступна витрина ІТ-школ с полным списком школ и курсов. Дополнительную информацию можно получить у выбранной ІТ-школы или по телефону 1818.

Подписывайся на наш Телеграм-канал! Будь в курсе новостей!

Цифрлық даму министрлігі Tech Orda бағдарламасының жаңа легіне қатысу үшін жеке тұлғалардан өтінім қабылданып жатқанын хабарлайды. Бағдарлама Қазақстанның 18 бен 45 жас аралығындағы барлық азаматына ІТ-мамандықтарды тегін игеру мүмкіндігін ұсынады. 

Әлеуетті студенттердің өтінімдерін қабылдау 31 шілдеге дейін astanahub.com платформасында жүргізіледі.

Astana Hub базасында ҚР ЦДИАӨМ бастамасы аясында іске асырылып жатқан Tech Orda бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы адами капиталдың дамуына бағытталған. Ол веб-бағдарлама әзірлеу, 3D-дизайн мен 3D AR/VR қосымшалар, бағдарламалық қамтамасыз ету, киберқауіпсіздік пен IoT, жасанды интеллект пен алгоритмдері, мобильді қосымшалар жасауды қоса алғанда, Big Data және GameDev салалары секілді басым секторлардың барлық спектрін қамтиды.

Tech Orda іске қосылғаннан бері жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Бағдарламаның 2022 және 2023 жылдардағы нәтижелеріне қарап, оның білікті кадрларды даярлау және елімізде IT бойынша білім беруді дамытуға қосып жатқан сүбелі үлесін байқауға болады. Бүгінде 91 мектеп 6251 студентті оқытты. Бағдарламаға тек үлкен шаһар тұрғындары ғана емес, өңірлерде тұратын адамдар да белсенді қатысуда – IT-мектептердің шамамен 40%-ы және студенттердің 46%-ы әртүрлі аймақтардан. Бағдарлама жетістігін жұмысқа орналасудың жоғары көрсеткіштері де растап отыр: түлектердің 88%-ы жұмысқа орналасып, олардың орташа жалақысы шамамен 600 мың теңгені құрады

– деді Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Түлектер Kaspi.kz, Halyk Bank, KPMG, Ernst&Young, Теңізшевройл, ҚазМұнайГаз, Freedom Finance, Kcell, Air Astana, Kolesa Group сияқты ірі компанияларды қоса алғанда, 1079 ұйымнан жұмыс тапты.

Биыл бағдарламаға қатысуға ниет білдірген 131 жеке IT-мектептің 79-ы аккредиттеуден өтіп, 178 түрлі курс ұсынды. Оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілсе, ұзақтығы таңдалған курсқа байланысты 6 айдан басталады. Форматы – икемді, яғни онлайн, офлайн және аралас. Бұл студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып,  мамандықты игерудің неғұрлым ыңғайлы тәсілін таңдауға мүмкіндік береді

– деді Әзиз Тілеумұратов, Astana Hub басқарушы директоры.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кемінде 100 мың IT-маман даярлауды тапсыра отырып, жас, білімді әрі ынталы кадрларды қалыптастыру қажетін атап өтті. Тапсырмаға сәйкес ҚР ЦДИАӨМ Astana Hub халықаралық технопаркімен бірлесіп, 2021 жылы 20 мың IT-кадр даярлауды көздейтін Tech Orda бағдарламасын іске қосты. Айшықты бастама шеңберінде мемлекет қолдауымен әр студентке 600 мың теңге бөле отырып, жыл сайын 3 мыңнан астам IT-маман оқыту жоспарланды.

Tech Orda бағдарламасына қосылуды ниет еткендер үшін astanahub.com порталында мектептер мен курстардың толық тізімі жазылған ІТ-мектептер көрмесі бар. Қосымша ақпаратты таңдалған ІТ-мектепке немесе 1818 телефон нөміріне хабарласып білуге болады.