29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Метка: Журнаистика

<?php echo esc_attr( get_the_title() ) ?>

Қазақстандық Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерін құттықтады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медиа саласының өкілдерін құттықтап, қазіргі заманда кәсіби журналистиканың айрықша рөлін атап өтті. Мемлекет басшысы жалған ақпараттың таралуына қарсы күрестегі журналистердің маңызына арнайы тоқталды: Заманауи технологиялар цифрлық алаңда алауыздықты әдейі ушықтыратын «ботофермалардың» пайда болуына түрткі болды. Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату, адамды қаралау, өтірікті шындай соғатын қауіпті құбылыс қалыптасты. Оны қазір дипфейк деп атайды. Яғни объективті фактілер эмоцияның көлеңкесінде қалып, қасақана арандатушылық туғызады. Қоғамның ынтымақ-бірлігіне сына қағып, мемлекеттік институттардың атына кір келтіру үшін жасанды интеллект құралдары қолданылады