«Сарытомар» шаруа қожалығы референдумды және жаңа мүмкіндіктерді қолдайды
Бұланды ауданында өсімдік шаруашылығын және астықты өз базасында өңдеуді біріктіретін «Сарытомар» шаруа қожалығының ұжымы ресми үндеу жасады. Аграрлық сала мамандары мен наубайхана қызметкерлері республикалық референдум өткізуді бірауыздан қолдап, оны экономиканы нығайту және ауыл еңбеккерлерінің мүддесін қорғаумен байланыстырады.
Бүгінде шаруашылық өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып отыр. Дәнді және майлы дақылдарды өсірумен қатар, нан-тоқаш өнімдерін өндіру арқылы кәсіпорын өндірістің тұйық циклін қалыптастырған. «Сарытомар» ШҚ ұжымы үшін референдумға қатысу – отандық кәсіпкерлікті дамытуға және ауылдық жерлердегі өмір сапасын арттыруға бағытталған саясатты қолдаудың мүмкіндігі.
«Сарытомар» ШҚ басшысы Тұрлыбек Булатов кез келген істің табысы берік негізге байланысты










