Қарағандыда 1 тоқсанға әскери кеңес өткізілді
18 сәуір күні Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерімен Әскери кеңес өткізілді. Шараны Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков ашты.
Жиналыс барысында Орталық өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасарлары жауынгерлік дайындық, жауынгерлік әзірлік, әскери қызметшілер арасындағы құқықтық пен заңдылықты сақтау, жеке құрамның тылдық қамтамасыз етілуі, үш ай көлемінде жаңа құрылған ғимараттар пен жоспарлар жайлы сөз қозғалды.
Өңірдің бес облысындағы жауынгерлік әзірлік жайын қолбасшының бірінші орынбасары - штаб бастығы полковник Ильяс Сағандықов баяндады. Өз сөзінде сардар әскери бөлімдердегі жағдайды баяндап, қызметтің оңтайландыру бойынша біршама ұсыныс жасады.
Келесі кезекте өз баянатын тәрбие және әлеумет