Қаржылық мониторинг агенттігі «CVK» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты
Қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға тұрақты табыс әкелетін түрлі инвестициялық «дүкен» пакеттерін сатып алу ұсынылған.
Сауда қызметін имитациялау мақсатында жеке кабинетте шын мәнінде болмаған тауарларға қатысты орындалған тапсырыстар мен жеткізілімдер көрсетіліп, сол үшін виртуалды сыйақылар есептелген.
Негізгі назар реферальдық жүйеге аударылған: жаңа салымшыларды тартқаны үшін қатысушыларға ақшалай бонустар мен бағалы сыйлықтар уәде етілген.
Агрессивті өңірлік маркетинг пен ауқымды жарнамалық науқанның нәтижесінде ұйымдастырушылар заңсыз схемаға шамамен 1,5 мың салымшыны тартқан.
Жобаны ілгерлету мақсатында жабық үгіт-насихат ке









