700-ге жуық қазақстандық бір айда ХҚКО-ларда цифрлық сауаттылықты үйренді
Наурыз айынан бастап ХҚКО-ларда цифрлық сауаттылық бойынша оқыту курстары Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді болды. Бір айдың ішінде шамамен 700 қазақстандық оқудан өтіп, мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды меңгерген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.
Жоба алғашында Астанада пилоттық форматта іске қосылған. Сұраныс жоғары болғандықтан, наурыз айынан бастап ол еліміздің барлық өңіріне кеңейтілді.
Сабақтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтеді. Оқыту барысында азаматтар цифрлық сервистерді еркін пайдалану мен мемлекеттік қызметтерді өз бетінше онлайн алу дағдыларын меңгереді.
Практикалық оқыту барысында қатысушылар электрондық цифрлық қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, соттылығы бар-жоғы туралы анықтама алу сияқты қы

