Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. VII бөлім
Қазіргі қолданыстағы Ата заңымыздың VII бөлімінің тақырыбынан бастап өзгеріс енгізілді.
Мысалы қазіргі қолданыстағы Конституцияның аталған бөлімі «VII бөлім. Соттар және Сот төрелiгi» деп аталса, жаңа редакциядан кейін «VII бөлім. Соттар және сот төрелiгi. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» деп өзгертілді.
9 баптан тұратын бұл бөлімдегі 78, 82 және 83-баптар өзгерді. Әрине, 78-бапта аса қатты өзгеріс жоқ. Тек бап мәтініндегі «Кеңес» сөзі «Сот» сөзіне алмастырылды.
Ал 82-баптың 4-тармағына жасалған өзгертудің нәтижесінде, бұған дейін Президент тағайындап келген Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы, бұдан былай Парламент Сенатының келісімімен ғана тағайындалатын болады. Яғни Президент Сенат депутаттарымен келісе оытрып тағайындай алады.
Сонымен қатар, осы баптың 5-тармағына енг