Аршалы ауданында дауыс беру күні шағын лотереямен ерекше өтті
Бүгін Аршалы ауданының тұрғындары үшін бұл күн маңызды оқиғамен қатар, ерекше жылы әрі достық атмосферасымен есте қалды. Референдум күнін шын мәнінде мерекелік көңіл-күйде өткізу мақсатында ауыл тұрғындары үшін «Lucky Box» атты шағын интерактивті лотерея ұйымдастырылды.
Сайлау учаскелерінің жанында өткен бұл шара тұрғындар үшін тартымды алаңға айналды. «Сәттілік қорабы» форматы күнге ерекше қызық пен күтпеген сыйлық қуанышын қосты. Әрбір қатысушы өз бағын сынап көріп, шағын сыйлықтарға ие бола алды.
Ұйымдастырушылар жүлде ретінде магниттер, брелоктар және түрлі естелік сувенирлер дайындаған. Сыйлықтар символикалық болғанымен, қатысушыларға шынайы қуаныш сыйлап, олардың жүзінде жылы күлкі сыйлады.
«Біз дауыс беруге отбасымызбен келдік. Мұнда осындай лотерея ұйымдастырылыпты. Балала










