Ақмола облысы Қазақстанның жаңа Конституциясын талқылауға белсенді қатысты
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы қолданыстағы Негізгі заң мәтінінің 80 пайыздан астамын өзгертуді көздейді. Мұндай ауқымды реформа оның жай ғана қабылдануымен шектелмей, әзірленіп жатқан құжаттың негізіне қандай қағидаттар мен ережелер қаланатынын терең түсінуді талап етеді.
Дәл осы тұрғыда Ақмола облысында облыстық активтің қатысуымен кеңес өтіп, жаңа Конституция жобасы мен оның практикалық маңызы талқыланды.
Конституцияны жаңарту қажеттілігі қоғамдық үміттердің өзгеруіне байланысты. Бүгінде азаматтар мемлекеттен рәсімдердің формалды сақталуын емес, құқықтарының нақты қорғалуын, әділ шешімдер мен ашық диалогты күтеді. Конституция Негізгі заң ретінде осы үміттерге сай келіп, мемлекеттік басқару жүйесінің барлығына айқын бағдар беруі тиіс
– деп атап өтті Ақмола облысы әкімінің





