Бұл күн – ұлтық мереке
Тәуелсіздік алғалы бері 25 қазан «Республика күні» ретінде мерекеленіп келді. Айта кетсек, 1990 жылдың 25 қазаны Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын.
Декларация- Қазақстанда тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлтық мереке. Тәуелсіз елдің рәміздері: мемлекеттік жалау, елтаңба, әнұран бекітілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы, теңге айналымға түсті. Тәуелсіз елдің өз Парламенті, мемлекетіміздің айшықты белгісіндей Ата заңымызды қабылдып, қазақ тілі – мемлекеттік тіл дәрежесін алды.
Декларация негізінде өз еркімізбен саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайларымызды шеше бастад