ІІМ: Бес айда мал ұрлаумен айналысқан 58 топ ұсталды 1 / 1
Ішкі істер министрлігі мал ұрлығының алдын алу мақсатында профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін тұрақты негізде жүзеге асыруда.
2026 жылдың бес айында 266 мал ұрлығы фактісі тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға төмен. Сонымен қатар қылмыстың осы түрін ашу көрсеткішінде оң динамика байқалады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар 258 адам ұсталып, 58 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Ұрланған 1730 бас малдың 1007-сі иелеріне қайтарылды.
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 25 бас ірі қара малдың ұрлану дерегін ашты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өңірдің үш тұрғыны ұсталды. Олар түнгі уақытта жүк көлігін пайдаланып, жайылымнан мал ұрлап, кейін оның бір бөлігін делда










