Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған аудандар мен қалалар әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың, аумақтық департаменттердің және мемлекеттік ұйымдардың жетекші өкілдері қатысты.
Отырыста сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындылары, Ақмола облысы бойынша сот сараптамасы институты қызметін талдау нәтижелері, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» базалық бағытын іске асыру мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысы құқықтық мемлекет құру үшін бұл процеске қоғамды барынша тарта отырып, сыбайлас жемқорлықтың түпкілікті себептерін жою қажеттігін бірнеше рет ат










