Ар-намысты биік қойған азамат
Атам қазақ қашаннан «Ер екі сөйлемейді» деп келген. Бұл ұстаным жылдарды көктей өтіп, өзінің өміршеңдігін жойған жоқ. Өйткені, ер азамат деген атқа лайық болу жолында еркек кіндіктіге талай тар жол, тайғақ кешуден өтуге тура келеді. Сол жолда оған түрлі адам жолдас болады, оның бірі қиналғанда қол ұшын созып, сүрінгенде сүйенішке айналса, енді бірі адал достықтан гөрі, амал достықты таңдайды. Шын достар уақыт өте келе шиырланып, асау толқынға сенімен бірге құлаш сермей, қатар жүзеді, самайыңды ақ шалып, қарттыққа бой алдырған сәтте де жаныңнан табылады. Олармен әңгімең де таусылмайды, әзілің де бітпейді. Бұл шын достықтың нақты белгісі. Тағдырдың тезінен өткеннен кейін ғана, бәрін таразылай отырып, осындай шешімге келесің.
Өзіміз «Көкен» деп атайтын Әбділхасен Бағдатұлы Есмағамбетов жай