Өңірлердің сайлауға дайындығы қалай?
Бұл мәселе туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы барысында талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Отырыста Қазақстанның әр өңірі бойынша аппарат басшылары қатысып, сайлауға дайындық жұмыстарын пысықтады.
Астанада қазіргі таңда 19 805 адам, оның 5 504-і тұрақты тіркелген орындары бойынша дауыс береді
- деді Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы Есет Байкен.
Сондай-ақ сайлауға дайындық барысы туралы Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы да мәлімдеме жасады.
Алматы қаласында қазіргі таңда 1 млн 200 адам дауыс берушілер тізімі жасалды. 1315 нөмірінен тұратын колл-центр құрылды
- деді Асан Болатұлы.
Оңтүстікте сайлаушылар тізімі толықтырылып, учаскелерге тапсырылды деді аппарат басшысы.
Шымкент қаласы бойынша 3727 адам енгізілді. Қала бойынша 634 833 азамат ен










