Әлеуметтік желілер және сайлау
Әлеуметтік желілер сайлау науқанында коммуникация және сайлауалды үгіттің белсенді арнасы ретінде біршама маңызды рөл атқарды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Алия Мұсабекова пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтанулық сауалнамалардың деректері бойынша қазақстандықтардың жетекші әлеуметтік желісі – Instagram, бұл қосымшаны сауалнамаға қатысқандардың 66% пайдаланады. Ал екінші орынға 38%-бен Youtube жайғасты. Оған қоса, азаматтар әлеуметтік желілерді жай ғана уақыт өткізу үшін емес, ақпарат көзі ретінде пайдаланады. Алгоритмі шамамен келесідей: адам Instagram-ға кіреді, қызықты жаңалықты көреді, егер толығырақ, егжей-тегжейін және сарапшылардың пікірін білгісі келсе, Youtube-тың көмегіне жүгінеді.
Тағы да бір тұрақты тренд – пайдаланушылардың көбі а