ОСК ең көп кандидат тіркелген окургті атады
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров хабарлады.
Тіркелген барлық 7 саяси партия Парламент Мәжілісінің 69 мандаты үшін саяси додаға қатысады. Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың тізімдерінде «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген 30 пайыз квота толығымен ескерілді. 29 бірмандаттық сайлау округі бойынша 609 кандидат ұсынылды
- деп айтты ол.
Жалпы республика бойынша әр сайлау округіне орташа бәсекелестік 21 кандидат.
Ең жоғары бәсекелестік Астана қаласының екі сайлау округінің әрқайсысы бойынша 63 кандидат. Ал ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысының сайлау округі бойынша 1 мандатқа 6 адам
- деп айтты Нұрлан Әбдіров отырыста.
Оның айтуынша, облыстардың,