Республиканская акция «Сайгак» стартовала в Акмолинской области
Ақбөкендердің популяциясын сақтау және браконьерлік фактілерінің жолын кесу мақсатында 15 сәуірден бастап өңір аумағында "Ақбөкен" кең ауқымды республикалық акциясы басталады.
Акция барысында тұрғындар, соның ішінде табиғат пайдаланушылар арасында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қорғау және күзету мақсатында бір ай бойы рейдтік іс-шаралар өткізілетін болады.2022 жылдың басынан бері бірлескен іс-шаралар аясында табиғат қорғау заңнамасы саласында 139 құқық бұзушылық анықталды.
Аң аулау ережелерін бұзу бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды.
Ақбөкендерді заңсыз аулау, олжалау, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау үшін мүлкін тәркілей отыра 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жауапкершілігі қарастырылған"
- деп хабарлады ПД ЖПҚБ ППТ аға инспекторы майор В.Серкина.