85 мың теңге, зиянды жұмыс, кредит. Қошанов Жолдаудағы негізгі мәселелерді атады
Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында көтерген негізгі мәселелерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Экономиканы трансформациялау, азаматтардың тұрмысын жақсарту бойынша ауқымды міндеттер қойылды. Біз кеше ғана өңірлерді аралап келдік. Сондықтан халықты толғандырып отырған мәселелерді жақсы білеміз, - деді Қошанов.
Сөзінше, ол – әр отбасының берекелі өмір сүруі, тұрақты жұмыс, лайықты жалақы, балалардың амандығы мен қауіпсіздігі. Ең бастысы – еліміздегі тыныштық, бейбітшілік пен тұрақтылық.
Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгін осы және жұртшылықты алаңдатқан өзге де мәселелердің бәріне нақты жауап берді. Президент азаматтарға қамқорлық жасау, олардың әл-