Жаңару күні: шестой день декады Наурызнама
Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні, яғни 19 наурыз – елімізде «Жаңару күні». Атаулы күн жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Наурызда табиғат түлеп, тіршілік қайта жанданады. Ел ішінде де игі істер мен жаңа бастамалар көбейіп, жұртшылықты ізгілік пен бірлікке жетелейді.
Осыған орай республикалық мәдениет ұйымдары бірқатар іс-шаралар ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде дәстүр мен рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мәдени-танымдық іс-шара өтеді. Мәдениеттерді жақындастыру орталығында тазалық пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мақсатында «Жаңаруды – тазалықтан бастайық» атты сенбілік жоспарланып отыр. Ұлттық музейде «Наурыз — жаңару мен бірліктің мерекесі» атты мәдени бағдарлама ұсынылады. Ал Р










