Валюталық шарттарды немесе шетелдік банктегі шоттарды есептік тіркеу
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақмола филиалы (бұдан әрі – ҚҰБ) 500 мың АҚШ долларынан астам капиталдың елден және елге қозғалысын көздейтін шарттар есептік тіркеуге жататынын кәсіпкерлер мен инвесторлардың есіне салады. Заңды тұлғаларда шетелдік банкте шот ашқаны туралы хабарлауға міндетті.
Сонымен, капитал қозғалысына – қаржылайқарыздар, инвестициялар, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен операциялар туралы, бағалы қағаздар нарығындағы агенттермен (мысалы, брокерлік компаниялармен) бірлескен қызмет, жылжымайтын мүлікті немесе зияткерлік меншік құқығын сатып алу туралы, ақша мен қаржы құралдарын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына беру, сенімгерлік басқару, трасттар, валюталық құндылықтарды және ақшаны өтеусіз беру туралышарттар жатады.
Есептік тіркеу валюталық ш










