Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды
«Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын дамытуға әрдайым баса назар аударады.
Қазір де осы бағытта ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Нақты нәтижелер бар.
Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш.
Кейінгі жеті жылда еліміз бойынша 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды.
Медициналық сақтандыру саласы да заман талабына сай жаңғыртылды».





